Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Облыстық әйелдер арасында «Алланың 99 есімін жатқа айту» сайысы болып өтті.

           18 тамыз күні «Құспан молла» мешітінде Атырау облысы Дін істері  басқармасы «Ақпараттық – талдау орталығы»  және Азаматтық бастамаларды  қолдау орталығы қоғамдық қорының ұйымдастыруымен,облыстық әйелдер арасында «Алланың 99 есімін жатқа айту» сайысы болып өтті. Сайыстың мақсаты коғамдағы  дәстүрлі  емес діни ағымдардың арбауынан өскелең ұрпақты  арашалау. Жастардың бойында отансүйгіштік, елжандылық, қасиеттерге тарбиелеу арқылы, өзінің еліне, жеріне, салт-дәстүріне және дініне деген көз қарастарын  қалыптастыру, дамыту.  Дін жолындағы  жастарға  қолдау көрсетіп, басқа саладағы  жастармен қарым-қатынас орынату және нығайту.

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с): “Аллаһтың 99 есімі бар. Кімде кім оны жаттап, (сол есімдерге сәйкес) амал жасайтын болса - жәннатқа кіреді”- деген.

      Сондай-ақ   сайысқа  көптеген қатысушылар  қатысып бақ сынасты. Сайысқа қатысушыларға бағалы сыйлықтармен  алғыс хаттар және дипломдар табысталды.

«Иманғали» орталық мешіті

 

Баспасөз қызметі

Жоғарыға