Жас жамағат бас имаммен кездесті
Атырау "Иманғали" орталық мешітінде Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы қоғамдық қоры мен "Иманғали" орталық мешітінің ұйымдастыруымен облысымыздың бас имамы Батыржан Мансұров Берденұлымен жамағат арасындағы жалынды жастармен кездесу ұйымдастырылды. Кездесудің мақсаты жамағатпен емін-еркін сұқбаттасу. Кездесуге келген жас жамағат, бас имамға сұрақтарын қойып, өз ұсыныстарын білдірді. Қойылған сұрақтар Жат ағымның жетегінде кетпеу үшін не істеу керек? Бұрынғы қаза болған намазды қалай өтеген дұрыс? Баланы қалай тәрбиелеу керек? және т.б сұрақтар қойылды. Сондай-ақ сұрақ жауаптан бөлек өзінің Құран Кәрімді қалай жаттау керек екенін және оның қыр сырын айтып кетті. Кездесуге келген жастар разы болып, осындай кездесулердің жиі болып тұруларын өтінді.
"Иманғали" орталық мешітінің
баспасөз қызметкері.
