Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Айтымыз құтты болсын, ағайын!

              Алла Тағалаға мың сан шүкір, қасиетті Құрбан айт мерекесіне де аман-есен жетіп, күллі мұсылман, соның ішінде тәуелсіз Қазақ елі мұсылмандары, қанында діннің асыл  қасиеттері бар барша қазақ баласы шат-шадыман тойлап, қуанып  «айттап» жатыр.Мемлекет те айт күнінде демалыс жариялап, асыл дінімізді ардақтауда.

 

   ҚМДБ-ның филиалы, Атырау қаласы, Алғабас ауылы «Мәулімберген» мешітіне таң алакеуімнен  халық айтқа ағылып келе бастады. Мешітке сыймаған  халыққа аулаға арнайы төсеніштер жайылды.Айт намазына дейін «Мәулімберген» мешіті- нің бас имамы Мақсот Бағытжанов Құрбан айт хақында халыққа уағыз-насихат ай- тып, айт намазының оқылу тәртібін түсіндірді.Айтқа байланысты түйткілді мәселе- лерді бір мәрте түсіндіріп өтті.Одан соң «Кең-өзек» селолық округінің ақсақалдар алқасының төрағасы Жүсіп ата Дүйсебаев жиылған жамағатты «Құрбан айт»,-пен құттықтап, ақ батасын ақтарды.Барша жамағат мешіт имамына ұйып, айт намазын оқып, құтпа айтылып, «дүр сілкініп» көтерілген жамағаттар бірін-бірі құшақтасып,  «Құрбан айт құтты болсын»  айтысып, ерекше сезімге бөленіп жатты. Міне, нағыз Ислам діні,  міне нағыз мұсылман -деп, бізде «бір жасап» қалдық. Ұлы Жаратушы иеміз баршамыздың дұға-тілектерімізді, шалып жатырған құрбандықтарымызды қабыл еткей.Қасиетті, қадірлі Құрбан айт мерекеміз құтты болсын, ағайын.Әумин!

 

Жоғарыға