Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Имамдарға біліктілік сертификаты табыс етілді

Бүгін «Иманғали» орталық мешіті және Атырау әкімдігі «Азаматтық инициативаларды қолдау» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен

облыс имамдарының біліктілігін арттыруға арналған үш күндік курс өз мәресіне жетті. «Мемлекет және дін: зайырлылық ұстаным» тақырыбын басшылыққа алған семинардың жабылу салтанаты мешіт жанындағы медреседе болды.

      Шараға Атырау облысы Дін істері басқармасының басшысы Қайролла Көшқалиев, сондай-ақ, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Берденұлы қатысып, өңір имамдарын біліктілік сертификатымен құттықтады. Жиын соңында 30-дан астам имамға сертификат табыс етілді.

     Бас имам Батыржан Берденұлы «Ислам – ілім діні. Қасиетті Құран кәрімде айтылғандай «ойланып, ақыл салып, ой жүгіртуді» талап ететін дін. Олай болса, ілім тек қана ата дәстүрімізге жау ниетті ағым идеологиясына қарсы күресте қолданатын рухани құрал ғана емес, тұлғалық кемелдік, тақуалықтың бастауы. Ендеше «жер бесіктен көр бесікке дейін» ілім іздеу сапарында жүрген имамдар үшін осындай семинарларға қатысудың пайдасы ұшан-теңіз екені сөзсіз», – деп, білім аламын деген жандарға мешіт есігінің қашан да ашық екенін айтты.

 

 «Иманғали» орталық мешітінің

баспасөз қызметі 

 

Жоғарыға