Діни экстремизм – қауіпті құбылыс
Атырау облысы Индер ауданы Жарсуат ауылындағы Махамбет атындағы орта мектепте «Діни экстремизм – қауіпті құбылыс» тақырыбында кездесу болып өтті. 10 «а», «ә» сынып оқушыларымен өткен кездесуге Жарсуат ауылдық мешітінің имамы Құраш Рспаев қатысып, Ислам дінінің қоғам өміріндегі мән-маңызына тоқталды.
Сөз барысында Құраш Рспаев бүгінгі таңда өзекті мәселе боп отырған экстремизмнің Қазақстанда таралу тарихына сипаттама жасады. Жат ағымның ұлтты ыдыратушылық сипатын атап көрсетіп, оқушыларды жат ағым идеологиясынан сақ болуға үндеді.
Кездесу соңы еркін пікірталасқа ұласты.
Құраш Рспаев,
ҚМДБ-ның Атырау өкілдігі
Жарсуат ауылының имамы