Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Рухани келісім күніне орай спорттық сайыс өтті

18 қазан – Рухани келісім күніне орай Геолог спорт кешенінде Атырау облысы Дін істері басқармасы Ақпараттық талдау орталығы, сондай-ақ «Иманғали» орталық мешітінің ұйымдастыруымен футбол және шахмат ойындарынан мешіт жамағаттары арасында спорттық сайыс өтті. Сайысқа қала мешіттерінің ұжымы мен Православие шіркеуінің дін өкілдері қатысып, өзара бақ сынасты.

Ақпараттық талдау орталығының теологтары С.Төлегенов пен А.Уразов ашқан шарада  ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Б.Мансұров пен «Успен Соборы» Орыс православие шіркеуінің дін қызметкері И.Карташов жиналған көпшілікті атаулы күнмен құттықтап, дін тарихындағы ұлтаралық ынтымақ пен татулықтың маңызы туралы пікірлерімен бөлісті.

Сайыс қорытындысы бойынша футболдан Қызылқоға ауданы «Бәйтерек» мешіті командасы І орын,  «Иманғали» орталық мешіті командасы ІІ орын,  сондай-ақ, қалалық «Әт-тақуа» мешіті командасы ІІІ орынға ие болды.

 Қалалық №1 балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің оқушылары арасында өткен шахмат ойынына 10-ға  тарта үміткер қатысты. Нәтижесінде Е.Базарбаев жүлделі 1-орынға ие болды. С.Көпжасаров пен Ә.Олжа 2-ші, 3-ші орындарды бөлісті.

Сайыс соңында Ақпараттық талдау орталығының басшысы міндетін атқарушы Г.Қожағұлова жүлдегерлерді марапаттап, бағалы сыйлықтар табыстады.  

 

«Иманғали» орталық

мешітінің баспасөз қызметі

 

Жоғарыға