Жас жамағатқа арналған жұмыстар жанданып келеді
Жастар қашан да елдің болашағы. Оларға дұрыс бағыт-бағдар беріп, өмірдің бұралаң теріс жолынан сақтандыру үшін алдыңғы буынның ақыл-кеңесі әрдайым ауадай керек-ақ. Мұны ескерген ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкіл имамы Батыржан Берденұлы жастармен жұмыс жасауды мықтап қолға ала түсті.
Оған облыстық «Иманғали» орталық мешіті жанынан жастарға арналған діни сауаттылықты арттыру курсының басталуы айғақ екені сөзсіз. Курстың мақсаты – діни экстремизмнің алдын алу, жастарды теріс ағым жетегіне еріп кету қаупінен сақтандырып, жасы үлкенге құрмет, кішіге ізет білдіруге үгіттейтін елжандылық сана қалыптастыру.
Аптасына тұрақты түрде екі рет өтіп тұратын жастарға арналған курста бас имам Батыржан қажы Берденұлы және «Шапағат деструктивті діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» Қоғамдық қорының теолог маманы Мейіржан Рахматулла дәріс беруде. Сондай-ақ, жастарды мазалап жүрген діни сауалдарына да жауаптар беріледі.
«Иманғали» орталық мештінің
баспасөз қызметі
