ҚАРИЯСЫ БАР ЕЛ – ҚАЗЫНАЛЫ ЕЛ
«Геолог» ауылдық әкімшілігінің ұйымдастыруымен «Қарттары бар ел – қазыналы ел» атты кездесу өтті. Шараға Атырау қалалық «Қ.Мұңайтпасов» мешітінің бас имамы Нартай Сүндетов қатысып, саналы ғұмырын ел дамуы жолында сарп еткен қарияларға ыстық лебізін білдірді.
Қарияларға арналып жайылған мерекелік дастархан мен мерекелік концерт көптің көңілінен шықты. Ерекше айта кетерлік мәселе, қариялар келешек ұрпақтың жат ағымнан алыс болып, тура жолмен ізгі ұрпақ тәрбиелеу ісіне үлес қосса екен деген ниеттерін білдірді. Бас имамның Құран оқуымен басталған мерекелік кездесу соңында ақсақалдар бата беріп, ризашылық сезімдерін білдірді. Қатарлары сиреп бара жатқан қарттарымызға қарап, көңіл босаса да, олардың орнын басатын ізгі тақуа аға буындарымыз көбейе берсе екен деген тілекпен тарқастық.
ҚМДБ-ның Атырау өңірі бойынша өкілдігі,
Қ.Мұңайтпасов атындағы мешіттің баспасөз қызметі