Бас имам «Иман нұры» телебағдарламасына сұхбат берді
Рухани келісім күніне орай ҚМДБ-ның Атырау өңірі бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан қажы Берденұлы «Иман нұры» телебағдарламасына сұхбат берді.
Бағдарлама барысында бас имам ислам дініндегі бірлік тақырыбында сөз сөйлеп, оның Рухани келісім күнімен сабақтастығы жайлы да пікір айтты.
«Сәлемінің өзі есендік тілеуден басталатын ислам діні – күллі адамзатты береке мен бірлікке шақыратын әлемдік дін. Осы орайда Алла тағала "Әли-Имран" сүресінде: «Алланың дінінен бекем ұстаныңдар да, бөлінбеңдер!», – деп, асыл дініміздің әлем тарихындағы орнын белгілейді. Сондықтан да қай ұлттың, қай елдің болмасын бірлік пен бейбітшілікті аңсау мүддесінің асыл дінімізбен астасып жатқанын байқаймыз», – деді ол сөзінде.
Сондай-ақ, Батыржан Берденұлы тікелей эфир барысында көрермендер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
«Иманғали» орталық
мешітінің баспасөз қызметі
