Қазақстандағы мешіт, медреселер – имандылық ордасы
«Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан қажы Берденұлы облыстық «Қазақстан-Атырау» телеарнасына сұхбат беріп, «Қазақстандағы мешіт, медреселер – имандылық ордасы» тақырыбында ой өрбітті.
Сұхбат барысында бас имам еліміздегі медреселердің алғаш бой көтеру тарихына тоқтала келе, діни білім ошақтарының қоғам өміріндегі маңызы туралы пікірлерімен бөлісті.
«Мешіт – Алланың үйі. Аллаға құлшылық жасап, жамағат бас қосатын қасиетті орын. Сондықтан оның өз әдебі бар. Яғни, мешітте Алла разылығын алмайтын теріс мінез-құлықтан аулақ болған абзал. Медресе – дін шариғаты бойынша білім беріп, халық сауаттылығын арттыратын білім ошағы. Қазіргі қоғамда имансыздықтың етек жаюы – осы, діни сауатсыздық себебінен. Олай болса, медресе туралы кеңестік құлдық сана негізінде қалыптасқан жағымсыз пікірлерден арылып, одан білім алуға ұмтылудың екі дүниелік пайдасы зор», – деді Б.Берденұлы өз сөзінде.
«Иманғали» орталық мешітінің
баспасөз қызметі
