Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Таухид ілімі – кемел иманға жетелер жол

Скачать шаблоны для cms Joomla 3 бесплатно.
Зелёные шаблоны джумла.

Қарашаның 12-і күні «Әт-тақуа» мешітінің ұйымдастыруымен «Тәухид ілімі – кемел иманға жетелер жол» тақырыбында айлық отырыс болып өтті. Алыс-жақын жамағаттың басын қосқан жиынды мешіттің бас имамы Өсімхан Тілеуов ашып, кемел иман жолындағы тәухид ілімінің мән-маңызына тоқталып өтті.

 

Ақ дастархан басында ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкіл имамы, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Берденұлы Алла тағалаға деген ықылас-ниетті арттырудағы тәухид ілімінің ерекшеліктерін атап көрсетті.

Сондай-ақ, баяндама барысында «тәухид – жәннаттың кілті. Тәухидтің бес тірегі бар. Бірінші тірегі – өтірік пен өсектен арылып, шүкірге толы салауатқа бет бұрған тіл. Екінші тірегі – қызғаншақ, әуесқойлық, қанағатсыз, дүниеқұмарлық, түрлі дұшпандық пен кек сақтаудан арылған жүрек. Үшінші кілті – арам мен шүбәлі тамақтан сақтанып, адал тамақпен қоректенген құрсақ. Төртінші кілті – жасандылық пен мақтаншақтықтан ада, Алла разылығы үшін  жасалған салих амал.

Алла тағаланың назарын салатын жері – көңіл. Оны ешқашан ренжітпеуге тырысуы керек. «Бір хабардың көңіл ренжітетінін білсең, үндеме, басқалар айтсын», – деп Сағди Ширази айтқандай, мейірім дінінің ұстанымдары сай бір-бірімізді ренжітпеу, ақымызға кірмеу – Жаратушы алдындағы парызымыз. Осы ретте Раббымыз Тәухид ілімінің мазмұнына сай өмір сүруді, ақтық демімізде шын мәнімен кәлима айта отырып, жан тапсыруды баршамызға нәсіп еткей», – деді бас имам.

Жиын соңында Батыржан Берденұлы мешіт жамағаты тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, бас қосу еркін пікірге жалғасты.

«Иманғали» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

 

Жоғарыға