Құқық бұзушылықтың алдын алу – ортақ міндет
19 қараша күні Жылыой ауданы, Құлсары қаласындағы №16 орта мектепте «Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу» атты тақырыбында кездесу өтті.
Жылыой аудандық полиция бөлімінің инспекторлары, мектеп мұғалімдері және мектеп оқушылары, ата-аналар қатысқан шарада Жылыой орталық мешітінің ұстазы Д.Сулейменов сөз сөйлеп, құқық бұзушылықтан, кері ағымдардан аулақ болу, тәлім-тәрбие, білім алудың маңыздылығы, үлкенді құрметтеу, ата-ананы сыйлау жөнінде уағыз айтты.
Шара соңында оқушылар өздерінің көкейінде жүрген сұрақтарын мешіт ұстазына қойып, тұшымды жауаптарын алды.
Мектеп әкімшілігі Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алуда осындай шаралардың өтуіне ұйытқы болып жүрген мешіт ұжымына алғыстарын білдірді.
ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілдігі,
Жылыой аудандық орталық мешіті
