«АРАБ ТІЛІ» КУРСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ
Ағымдағы жылдың қаңтар-қазан айы аралығында аптасына екі рет «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығының ұйымдастыруымен «Иманғали» орталық мешіті жанынан ниет білдіруші намазхандарға «Араб тілін оқыту» курсы өткізіліп, «Шапағат» орталығының директоры, теолог Қанат Жұмағұл дәріс берді.
Осы орайда, 30-ға жуық тәлімгер «Араб тілін оқыту» курсына қатысып, сынақтан сүрінбей өткен 13 қатысушыға нәтижелі аяқтағаны үшін сертификаттар табысталды.
Марапаттау рәсіміне қатысқан ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің Бас имамы Батыржан Мансуров мешіт жамағатына білім алудың артықшылығы туралы уағыз-насихатын айтты. Бас имам Батыржан Берденұлы қажы мен «Шапағат» орталығының директоры Қанат Жұмағұл құтықтау сөздерін айтып, сертификаттар табыстады. Сонымен қатар жиынға келген басқада қатысушы намазхандарға Атырау облысы Дін істері басқармасының тапсырысымен шығарылған ақпараттық діни кітаптар берілді.
"Иманғали" орталық мешітінің
баспасөз хатшысы.
