Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Ислам және әйел мәртебесі

Ислам дінінде әйелдің мәртебесін өте жоғары. Тіпті Алла Тағала әйел деген атаумен бір сүре түсірді және жекелеген аяттарда жетерлі. Негізінде Исламға дейінгі жағдайды қарайтын болсақ, әйел адам санатына жатпайтын. Ислам дәуірі келгенге дейін арабтарда ананың құрсағына шарана бітсе, дүниеге келетін ұл ма әлде кыз ба? –деген көкейлерінде сұрақ болған. Себебі қыз дүниеге келсе ол біздің тегімізге ұят әкеледі деп оларды тірідей көметін еді. Ал, Исламның келуімен Мұхаммед (с.ғ.с) хадисінде айтады «Жәннәт аналардың аяғының астында», –дейді. Ұлттың адаспай ұлт болып қалуы, қоғамның ырғақты дамуы мемлекеттің өркендеуі-соңында келіп әйелге, келешек ана болар қыздардың қалай тәрбиеленетініне байланысты. Дана халқымыз «Қыз өссе, елдің көркі, гүл өссе, жердің көркі», «Шешесі отырып қызы сөйлегеннен без», «Қызым, саған айтам келінім сен тыңда», – деген. Ұлттық құндылықтарын салт-дәстүрді, ұрпақтан-ұрпаққа сақтап тасымалдап отыратын да әйел баласы. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) заманында әйелдің мәртебесі жоғарылады. Бірде бір сахаба келіп жәхилдік кездегі қыздарын көму жайлы сұрағанда пайғамбар (с.ғ.с) қатты жылады. Сол кездегі ісіміз үшін  ахыретте жағдайымыз қандай болмақ деп сұрады Алла елшісі (с.ғ.с) «Алла Исламға дейінгі істегендеріңді кешіреді, тек бұдан былай олай жасамаңдар», – деген. Олар қыздарын өлтіруінің себебін былай деп түсіндіреді «Бұлар өскенде жаман жолға түсіп біздің абыройымызды түсіреді, ол уақытқа дейін бұларға ақша шығындап баққанша қазір өлтіргеніміз жақсы деп сылтау айтатын». Ал өлтіруге қимағандар болса, қыздарына жаман киім кигізіп айдалада түйә бақтыратын. Осылай әйелдердің өмірі қараңғылық түнегінде өтіп жатқан кезде Алла тағала өзінің сүйікті құлын пайғамбар етіп Ислам дінін жіберіп Ислам және әйел мәртебесін көтерді. Алла тағала Құран кәрімде Ниса сүресінде 22 аятында «Әйелдерден әкелерің үйленгендеріне үйленбеңдер, бірақ өткен өтті бұл бір арсыздық және жеркенішті жаман жол», – деп өгей аналарды қорламауға құрметтеуге бұйырды. Және «Әйелдердің махірін ықыласпен беріңдер. Сонда егер әйелдер өз көңілдерінше, сендерге мәхірден бір нәрсе кеңшілік етсе онда оны жеңдер, сіңімді, жүрімді болсын», – деп әйел қалыңы жайында да айтып кеткен. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) өз хадисінде «Мұсылманның ең жақсысы көркем мінезділерің және әйелдеріңе жақсы болғандарың», – деп әйел мәртебесін көтерген. Қарап тұрсақ, бұл аят хадистен ұғатынымыз әйел мәртебесінің жоғары екенін көрсетеді. Бірақ бізде еркек пен әйел құқығы тең деген қисық түсінік қалыптаспауы керек. Өйткені әйел қашан да ер адамнан бір саты төмен тұрған. Олардың жаратылысы да ерлерден әлсіз. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) хадисінде «Сендер әйелдер ақылдарың да қысқа діндерің де қысқа» дегенде, уа Алланың елшісі неге бұлай дедіңіз деп сұрағанда «сендер діндерің қысқа дегенім намазды бүтін оқымайсыңдар, айлық қонақтарың келгенде намаздарың тоқтайды, оразаларың тоқтайды яғни сендердің діндерің қысқа. Ал, ақылдарың қысқа дегенім Құранда «куәға бір ер екі әйел деген бірі ұмытса екіншісі еске түсіреді», – деген, сондықтан ойлау қабілеттеріңнің куәлікке жүруі бөлек», – деп айтқан. Құранда «Ерлер әйелдердің үстінен үстем болады», – деген. Өйткені, Алла солай жаратқан осыны естен шығарып алмайық.

 

 Ұлбала Есекеева,

 

«Әйіп қажы» мешітінің ұстазы 

Жоғарыға