Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) кісілік келбеті
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) адамдардың қабілеттері мен жағдайына қарай мәміле жасайтын-ды. Оның мұндай мәмілесі олардың қабілеттерінің ашылуына және тұлғалық қасиетінің қалыптасуына орасан зор ықпалы болды. Амр бин Тағлиб былай деп әңгімелейді:
Соғыстан түскен олжаларды Хз. Пайғамбардың алдына алып келді. Олжаны көп күттірмей адамдарға таратып берді. Алайда ол сол олжадан сахабаларының біразына берді де енді біреулеріне ештеңе бермеді. Арадан бірнеше күн өткеннен кейін адамдар арасында осы мәселе төңірегінде кейіс білдіріп неше түрлі әңгіме жүріп жатты. Мұны естіген Аллатың Елшісі олардың басын қосып, әңгімесін Аллақа шүкір етіп бастағаннан соң былай деді:
«УАллаи, кейде араларыңнан біреулерге бермеуім мүмкін. Алайда мен үшін бермеген адамым, берген адамымнан жақындау. Мен кейбір адамдарға, жүректеріндегі сабырсыздығы мен шыдамсыздығы үшін мал-дүние беретінмін; енді бір бөлігіне Алла Тағаланың жүректеріне берген жан-дүниесінің байлығы мен жақсылыққа жақындығы үшін бермеймін. Міне солардың бірі ретінде Амр бин Тағлибті айта аламыз!».
Амр сөзін былай деп сабақтады:
-УАллаи, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) осы сөзі мен үшін көздің жауын алатын қызыл түйелерден әлдеқайда артық. (Бұхари, Жұма, 29)
Амр бин Тағлибтің жеткен мадағына сахабалардың көпшілігі ие болған. Олар Хз. Пайғамбардың ілтипат көрсеткенінен ерекше ләззат алатын. Хз. Әнәс былай дейді:
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Хунайын күнінде мол олжаға кенелді. Олжаларды Мұхажыр мен Тулакаларға (яғни Меккені азат еткен күннен кейін кешірім етіп босатылған Меккелік тұрғындар) таратып берді де Ансарларға ештеңе бермеді. Ансарлар өкпелеген сыңай танытып:
-Бір қиындық бола қалса біз жүгіріп жүреміз, ал олжаға келгенде өзгелер ие болып шыға келеді,- деді. Бұл сөз Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) құлағына шалынғанда, дереу Ансалықтарды жинап алып:
-«Әй Ансар қауымы! Барлығы мал-дүниенің артында жүргенде, сендер (Пайғамбарларың) Мұхаммедтің артында жүріп, үйлеріңде онымен бірге болуға разы емессің дер ме?»- деді.
Ансар:
-Уа Аллатың Елшісі! Әлбетте, разымыз! – деп жауап берді.
Сосын Аллатың Елшісі былай деп сөзін сабақтады:
-«Адамдар бір жазық далада жүрсе, Ансар да басқа бір жазық далада жүрсе, мен Ансарлардың қасына баратын едім». (Бұхари, Мағази, 56; Мүслим, Зекет, 135)
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) адамдарға өздеріне тән ерекшелігі мен қабілетін айтып, оның жан-дүниесін жаулап алып, Ислам нұрымен нұрлануына себепші болатын. Өз ісіне жауапкершілікпен қараған адамдарға ерекше мән беріп, оларға деген ерекше сезімін білдіретін.
Хз. Пайғамбар Фазарая қауымына жіберген әскерлердің басына Зәйд бин Харисті тағайындайды. Сапардан аман-есен оралған соң Зәйд Пайғамбарымыздың үйіне барып, есігін қағады. Хз. Пайғамбар Зәйдті құшақтап маңдайынан сүйіп, не істегенін сұрап білді. Зәйд Аллатың берген жәрдемін айтып берді. (Ибн Сад, ІІ, 91; Вакиди, ІІ, 565)
Тағы бір риуаятта Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) сахабалармен бірге Умрада жүргенде Абдуллаһ бин Рабаха тауап етіп жүріп қара өлең оқи бастады.
Хз. Омар оған:
Сен Алла Елшісінің алдында, қасиетті Қағбада осы өлеңіңді оқып тұрмақпысың?! - деді.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Хз. Омарға:
-«Оған кедергі жасаушы болма! Аллатың атымен ант етемін; оның сөздері Құрайыштың мүшріктеріне, оқ жаудырудан әлдеқайда артық! Әй ибн Рабаха, жалғастыра бер!» - дегеннен кейін, Абдуллаһ бин Рабахаға:
-«Аллатан басқа ешқандай тәңір жоқ! Ол жалғыз! Ол уәдесінде тұрады! Мына құлына жәрдем беретін де Сол! Әскерлеріне күш-қуат беретін де Сол! Жиналып тұрған қауымды түп тамырымен құртатын да Сол!- деп айт», - деді.
Абдуллаһ бин Рабаха жұлып алғандай болып, солай айта жөнелгенде, Мұсылмандар да оның айтқандарын қайталай бастады. (Вакиди, ІІ, 736; Ибн Сад, ІІ, 122-123)
Осы оқиғадан Алла Елшісі, сахабалардың өз араларында кішіпейіл болуды тамаша бір әдіспен көрсеткен. Сонымен қатар Абдуллаһ бин Рабахаға да ерекше мән бере отырып, істеген ісінің орынды әрі пайдалы екенін айтып көңілін көтерген.
Хз. Пайғамбар бір қауым ел немесе рулардың да игі амал істеулері үшін, осы әдісті қолданған. Бұған мысал ретінде Хәмдан уәкілдерінің Мадина қаласына келіп мұсылман болғандағы жайтты айтуға болады. Олардың арасындағы тілге шешен Мәлік бин Нәмат, Пайғамбарымыздың алдына шығып:
-Уа Алаһтың Елшісі! Бұлар саған арнайы сәлем беріп келді. Араларында қалалық әрі көшпенді далалықтары да бар. Олар Хәмданның арасында ерекше құрметке ие. Алла Елшісінің шақыруымен келіп отыр. Табынып, құрбандық шалып жүрген пұттарына табынудан бас тартты. Олар; аспан айналып жерге түскенше берген уәделерін бұзбайды! - деді де барлығы мұсылман болды.
Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) оларға:
-«Хәмдан халқы игі іс істеп, басқа түскен қиындыққа сабыр етер болса, олардан артық ел болмайды. Исламға деген ықлас-ниеті берік адамдар сендердің араларыңда!» (Ибн Хишам, ІҮ, 268-269; Ибн Сад, І, 341) деп оларды жоқ-жітіктерге көмектесіп, басқа түскен қиыншылықтарға сабыр етуге шақырып отыр.
Ақын Лабидқа байланысты айтылған оқиға да осы тақырыпқа саяды. Килаб қаумымен бірге Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) алдына мұсылман болу үшін келген Лабид бин Рабия, арабтардың атақты ақындарының бірі болатын. Хз. Пайғамбар ол жайлы былай деп ерекше ілтипат көрсеткен:
-«Ақындардың айтып жүрген ең шынайы шындық сөз Лабидтің айтып жүрген мына сөзі; «Әлбетте Аллатан басқа нәрсенің барлығы жалған, бос!» Лабид, мұсылман болғаннан кейін өлең айтуды бір жола тоқтатты. Хз. Омар оған бір күні:
-Әй Әбу Ақыл! Маған өлеңдеріңнің біреуін оқып берші! - дегенде:
-Мен Аллатың Бақара және Әли-Имран сүрелерін үйренгеннен кейін өлең оқымайтын болдым! Алла менің өлеңдерімнің орнын Құранмен ауыстырды! - депті. (Ибн Сад, ҮІ, 33; Ибн Асир, Усдул-габа, ІҮ; 516)
Алла Елшісі кейде сахабалардың алғырлығы мен білімдерін тексеру үшін кей мәселер төңірегінде сұрақтар сұрайтын-ды. Егер дұрыс жауап берсе, мақтап, қуантатын болған. Бұл жайлы Убәй бин Қаб (р.а.) былай дейді:
Бір күні Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) маған:
-«Әй Әбул Мунзир! Аллатың Кітабынан жаттаған аяттардың қайсысы артық?» - деп сұрады.
Мен:
-Алла пен Елшісі ең дұрысын біледі, дедім.
Хз Пайғамбар қайтадан:
-«Әй Әбул Мунзир! Аллатың Кітабынан жаттаған аяттардың қайсысы артық, білесің бе?» - дегенде, мен ол:
«Алла Тағала, одан басқа еш тәңір жоқ. Ол тірі, толық меңгеріп тұрушы, Ол қалғымайды да ұйықтамайды. Көктердегі және жердегі нәрселер Оған тән» (Бақара 2/255) аяты (яғни Аятул-Курси) деп айттым.
Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) кеудеме қолын қойып тұрып:
-«Әй Әбул Мунзир! Білім саған жақсылық әкелсін!» – деді.
Хз. Пайғамбардың (с.ғ.с.) назарында адамдар, адамдық тұрғысынан барлығы тең дәрежеде еді. Сондықтан олармен бірдей мәміле жасайтын. Алла Елшісі барлық адамға Жаратушының бір аманаты деген көзқараспен қарайтын-ды. Осы тұрғыдан қарағанда адамның сыртқы бейнесі емес, ішкі жан-дүниесінің байлығына ерекше мән беретін.
Адамдардың тәлім-тәрбиесімен шұғылданып жүргендер, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) осы әдістерінен үлгі ала отырып, олармен тығыз қарым-қатынас жасағаны жөн. Кейде арнайы көңіл бөліп, тәрбиелеген адамың, қаншама мың адамнан артық болуы мүмкін. Осы тұрғыдан қарағанда, бір адамның өзіне бір сынып сияқты көңіл аударып, ерекше мән беру тиіс. Сонымен қатар басқа да адамдарға қолдан келгенше ілтипат көрсетіп, олардың қызғанышын тудыратын іс-әрекеттерден сақтанған жөн.
Өсімхан Тілеуов,
«Әт-тақуа» мешітінің бас имамы