Зинақорлық – қоғам қасіреті
Құрметті оқырман! Бүгінгі сіздерге ұсынып отырған тақырыбым, қоғамда белең алған некесіз қарым-қатынас мәселесі. Бұл мәселе қазақпын, мұсылманмын деген әрбір тұлғаның өзекті мәселесі болу керек. Өйткені қоғамның ластануына, имансыздық пен арсыздықтың өршуіне тосқауыл болмасақ, өскелең ұрпақ үлкен қасіретке душар болмақ. Алла Тағала Қасиетті Құран Кәрімде;
ولا تقربوا الزنا إنه كان فاحشة وساء سبيلا
(«Зинаға жоламаңдар (жақындамаңдар) , Өйткені ол анық арсыздық әрі жаман жол» Исра сүресі 32 аят), – деп зинаның өте ауыр күнә екендігін және де арсыздық екендігін баяндайды. Аятқа көңіл аударсақ «зина жасамаңдар», – деп емес, «жақындамаңдар» сөзін қолданып тұр. Яғни, зинаға жетелейтін барлық жолдан қашу керек екендігін аңғартады. Зинаға жол ашатын көптеген жолдар бар. Атап айтар болсақ, жастарымыз арасында кеңінен таралып жүрген іс-әрекеттер;
- Ғаламтор желілері арқылы, арсыз фотолар, бейнебаяндар, көру.
-Әлеуметтік желілер арқылы қыз жігіттердің себепсіз (неке ниетінсіз) ұзақ уақыт сөйлесуі, адамды құмарландыратын бейәдеп сөздер айту.
- Некесіз кездесулер
-Қыз бен жігіттің некесіз бірге түнеуі.
- Көпшілік болмайтын, таса орталарда қыз бен жігіттің оңаша қалып қоюы . т.б
Осындай жағдайлар зинаға апаратын негізгі себептер болып табылады. Яғни, соңғы нәтижесі зина болып табылатын амалдар болғандықтан, зинаға жетелейтін барлық жолдардан тыйылыңдар, оған жақындамаңдар деп ескертеді.
Зинаның қоғамға келтіретін залалдарына тоқталатын болсақ;
- Некесіз баланың туылуы, (жасанды түсік (аборт) жасау, мейірімсіздік, баланы тастап кету)
- Жетім балалардың көбеюі
- Қыздардың арынан айырылып, алданып қалуы, немесе өмірлік қателік жасауы ( өз-өзіне қол жұмсау (суицид) көбеюі),
- Жастардың ата-ана болу мүмкіндігінің төмендеуі,
- СПИД, ВИЧ сияқты жұқпалы ауырулардың таралуы,
- Арсыздық пен имансыздық, қатігездіктің белең алуы,
- Есте сақтау қабілетінің нашарлауы, ұмытшақтықтың пайда болуына душар етеді.
Әрбір жан иесі, Алланың құзырында, есеп-хисап күнінде жауапқа тартылады. Сол сәтте әрбір жасаған амалы үшін сұралатын болады. Некесіз ойнастық жасаудың қоғамға әкелер залалы адам шошырлық нәтеже көрсетіп тұр. Алайда, мына өткінші өмірде сол бір пайдасыз дүниелер, есеп күнінде арқаңызға ауыр жүк болып, сізді тозаққа сүйреп кетуі ықтимал екендігін ұмытпайық. Алла Тағала біздерге иман ләзатын сезінуді нәсіп етсін! Ұлдарымыз намысты, қыздарымыз арлы,ибалы болып өсуіне үлес қосайық, ағайын!!!
Артық Жұмабекұлы,
«Иманғали» мешітінің наиб имамы
