Куфа және Хадис ілімі («Имам Абу Ханифаға хадис жетпеді» - дегендерге қарсы жауап)
Сахабалар мен табиғиндер заманында Куфа қаласы хадис пен фиқх ілімінің ең үлкен орталығы мен қазынасы болды. Бұл қаланы Омар р.а ашқан еді. Жаңа мұсылмандардың тұрағы болғандықтан ол жаққа тәлім тәрбие берілуі айрықша қолға алынды. Сондықтан осы мекенге сахабалардың көпшілігі қоныстанды. Омар р.а сол жаққа сахабалардың ең ілімдісі және ең фақихі болған Абдулла ибн Масғудті мұғалім, ұстаз етіп жіберді. Омардың р.а Куфа халқына айтқаны: Мен сендерге Абдулланы өзімнен артық көрдім. Және Хазірет Абдулла жайынды Хузайфа ибн Йаманың мына сөзі мәшһүр: Пайғамбарымызға с.ғ.с мінезі, жұмсақтығы, кейіпі тұрғысынан Абдулла ибн Масғудтан артық ұқсайтын ешкім болған емес. Омардың р.а ол туралы тағы бір айтқаны: «Көкірегі ілімге толы жан».
Солай Абдулла ибн Масғуд өмірінің ақырына дейін Куфа қаласында тұрды. Және осы қалада хадис пен фиқх ілімін толықтырып пайғамбарлық нұрды бар күшін салып таратты. Cонда өзінің күні-түні ілім алып, дәріспен шұғылданған шәкірттерінен бір үлкен жамағат дайындады. Оның осындай шәкірттерінің саны 84 –ке жетті. Хазрет Абдулла ибн Масғудтың тәлім-тәрбиесінен сонша ғұламалар шықты. Олардың санын ғұлама Захид Каусари «Насбу рой» кітабының кіріспесінде 4000 ( төрт мың) деп айтып кетті. Содан Хазрет Абдулла ибн Масғудттан да басқа фуқаһа сахабалар да осы жерге келіп тұрған. Солардың ішінде Сағд ибн Әби Уаққас, Әбу Аль Ашғари, Хузайфа ибн Йаман, Салман Фариси, Аммар ибн Йасир, Абдулла ибн Ауфа, Абдулла ибн Харис ибн Джуз. Тағыда басқа мыңдаған сахбалардың мекеніне айналды. Куфаны отан қылып алған сахабалардың санын Имам Ғаджли 1500-ге жеткізді. Бұл санақ Куфаға келіп кететін сахабаларды қамтымағаны анық. Сахабалардың соншалық көптігінен бұл қалада ілім деңгейі қандай болуы мүмкін. Сөйтіп Али р.а Куфаны өзінің халифат орталығы қылып алған кезде, сондағы ілім құндылықтарын көріп, өте қуанып былай деді: Ибн умми абдті Аллах мейіріміне бөлесін, бұл қаланы ілімге толтырыпты ғой! Және тағыда «Ибн Масғудтың шәкірттері бұл үмбетің шырақтары- деген. Хазрет Алидің келуімен Куфаның ғылыми деңгейі одан әрі аса түсті. Өйткені Али қадірі жоғары сахабалдың бірі еді. Хазрет Али мен Абдулланың біріккенінен соң Куфада ілім толық дамыды. Өйткені бұл екі хазрет барлық сахабалардың ілімінің жиынтығы еді. Хазрет Масруқ ибн Аджағ айтады: «Сахабаларды аралап жүріп, олардың ілімін 6 адамға келіп тоқтайтынын білдім. Кейін тағыда байқадым. Олардың ілімің 2 адамға тоқтайтынына толық көзім жетті. Олар Абдулла мен Али». Хазрет Масруқтың бұл сөзіне қарасақ барлық сахабалардың ілімі бұл екі хазретте жиналғанынан білінді. Бұл екі хазреттің Куфада өмір сүргеніне қарап, «Куфаны бүткіл сахабалардың ілімі жиналған жер» - деуге болады. Куфада хадис ілімі соншалық қайнағанының нәтижесінде, әр үйде хадис ілімі туралы әңгіме жүрді. Және әр кварталда хадис оқу орындары ашылды. Бір айда бір ұстаздан 30000 хадис жазып алуға мүмкіндік болды. Енді Куфада хадис ілімі қандай деңгейде болуы мүмкін. Егер тек имам Бухаридің хадис жеткізген ұстаздарына қарасақ, олардың 300-і Куфалық. Сол себепті ол Куфаға қайта-қайта сапар шыққан болатын. Міне, осыдан кейін қалада туып-өсіп, ілім алған Имам Абу Ханифаға хадис жетпеді деп айту үлкен жала. Өйткені, Имам Абу Ханифа Куфа шаһарында ілім алып қана қоймай, артынан көптеген еңбектер жазып оны мұра етіп қалдырғандығы күллі ислам әлеміне аян екендігі баршамызға белгілі.
Еламан Бегалиев
теолог
