Білімді болу – парыз
Шариғат тілінде білім сөзі бір мәселені жан-жақты, аныққанығына дейін жіті түсіну деген мағнаны білдіреді. Білім – ақылдылық пен парасаттылықтың белгісі. Ал, білімсіздік мұның қайшы мағынасы. Ақылды адам ой-қабілетімен бірнәрсені түсінеуге тырысады.Ал,надан басындағы ақылын,бойындағы қабілетін дұрыс қолдана алмайды.Сондықтан, білімді адам- жарық шам секілді.Білімсіз надан- қараңғы түн сияқты.
Ислам – білім алуды парыз деп санайтын дін. Дініміздің осы тұсы исламның хақ екенін дәлелдей түссе керек.Өйткені, дүниеде білім мен ғылымды парыз санайтын исламнан басқа дін жоқ.Демек, білімді тек Ислам діні ғана қажет санап, барша мұсылмандарды ілім алуға үндейді.Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын)хадис шәріпінде: «Білім алу – әрбір мұсылман ер мен әйелге парыз»,-делінсе, тағы бір хадисінде: «Тал бесіктен жер бесікке дейін білім үйрен»,- деп насихат айтылған.
Қасиетті Құранның алғашқы түскен аяты білім алуға шақырады. «Иқра!» (Оқы!) деп басталған сөз «оқу мен жазуды игер» деген мағнаны береді.Тарихта мұсылмандардың әрбір жас-кәрісі, ер-әйелі білімнің тал бесіктен жер бесікке дейін парыздығын сезінді.Қасиетті Құран мен сүннет тағлымдарына сүйеніп өмір сүрген мұсылмандар білім мен ғылымды негізге алып, ғалымға шуақ нұрын төкті.Нәтижесінде ислам дінінің қанаты жеткен өлкелерде ғылым, білім, мәдениет дамып, ғылымның әр саласынан есімі өшпейтіндей танымал ғылым-ғұламалар жетілді.
Исламды білім-ғылым діні емес деп тек дін дұшпандары ғана айтады.Шынында, Ислам дін дұшпандары ойлағандай, ешқашан ғылым-білімге қарсы болмаған.Қайта надандыққа қарсы тұрып, білімді болуға адамзат баласын шақырып келеді.Бүгінгі күні Ислам дінінің нағыз ғылымның қайнар бұлағы екенін тек қана надандар жоққа шығарып, мойындамауы мүмкін.Өйткені, Ислам дінінде,тіпті, дәрет,намаз, ораза,зекет және қажылық секілді құлшылықтарды орнату үшін де оның ғылымын, білімін үйрену талап етілген.
Сондықтан Ислам діннің білімге деген көзқарасын білгісі келген жанның Құран Қәрім мен Пайғамбар хадисі арқылы оқып- білуіне болады.Құран Кәрім мен хадис шәріптерде білімнің артықшылығы мен қадір-қасиеті жайында мысалдар көп.
Айтар болсақ, қасиетті Құранда: «Адамдарға баян еткен бұл мысалдарды ғалымдар ғана түсіне алады»,-дейді.Олай болса, Құранды түсіну үші адам, ең алдымен, ғылымға ден қоюы керек.
Білім мен ғылымның қадір-қасиеті туралы Алла Тағалы қасиетті Құранда былай дейді: «Білетіндер мен білмейтіндер бірдей бола ма?».Байқасаңыз, осы аятта Алла Тағала сұрақ қою арқылы білімнің қадіріне меңзеп, білімді мен білімсіздер тең бола алмайтыны айдан анық.Білімді әрқашан жоғарғы,артық,білімсіз- төмен әрі кемшін.
Енді білімнің маңыздылығы туралы хадистареден де сөз қозғай кетейік.Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) айтқан хадис шәріпте былай дейді: «Кімде-кім білім іздену жолына түссе,онда Алла оған жәнатқа апарар жолды жеңілдетеді.Шынында, періштелер міндетті түрде білім ізденуге разы болғанын білдіріп, қанаттарын жаяды.Шын мәнінде, ғалым үшін міндетті түрде аспандағы әрі жердегі бүкіл нәрсе, тіпті судағы балық та, Алладан оның күнәларының кешірілуін тілейді!Ал, ғалымның қарапайым құлшылық етушіден артықшылдығына келер болсақ, оның артықшылдылығы- аспандағы толық айдың басқа жұлдыздардан артықшылығындай.Шынында, ғалымдар- пайғамбарлардың мүрагерлері, ал пайғамбар болса, өздерінін кейін динар да, қалдырмаған, олар тек білімді мұра етті.Кімде-кім бұл білімді алса, онда ұлы сыбағаға қол жеткізеді».
Бұл хадисте ғалым иелерінің мәртебесі ашық баян етілген.Ілім-білім жолында жүргендердің Исламда қадір- қасиеті биіктей түседі.Өйткені, білім талабы- үлкен дәреже.Білім алған, біліміне амал жасайтын ғылымға аспандағы періштелерде, жердегі адамзат пен жан-жануар да истиғфар айтатынын баяндап тұр. «Истиғфар айту»- өзгенің тілеуін тіліп, дұға ету деген сөз.Демек,ғылым адам оқыған білімнен халықты хақ жолына шақырғаны үшін Алла Тағала оны жақсы көреді.Ел-жұртты да ондай ғылысды сыйлып, құрмет көрсетеді.Білімін пайдаланушылар да, тіпті судағы балықта оның тілеуін Жаратқаннан да сұрайды.
Муғауия (Алланың оған разы болсын) риуаят еткен хадисте Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын ): «Алла Тағала кімге жақсылықты қаласа, оны шариғат білімдерінің білгірі етіп қояды.Ал,мен тек бөліп-бөліп беруші ғанамын.Алла береді.Әрине, бұл үммет Алланың ісі тұрғанда Алланың әміріне тұрмақ.Оларға қарсылық көрсеткендер зиян жетуізе алмайды»,-деген.Осы хадис шәріпті талқылап көрсек:«Алла Тағала кімге жақсылықты қаласа, оны шәриғат білімдерінің білгері етіп қояды»,-делінгін.Демек,діни тағлымдарды, діни терминдерді,діни сөздерді, шариғат мәселереін,дәрет,намаз,ораза, қажылық және тағы басқа шариғи мәселеріді білу,оны жақсы түсініп, басқаға үйрете алу- пенде үшін үлкен бақыт әрі Алланың берген бағы.Өйткені,Пайғамбарымыздың (Аланың оған игілігі мен сәлемі болсын) айтуынша, мұны алла Тағала жақсы көрген пендесіне береді екен.Алла жақсы көрген пендесін шариғатқа жүйрік етіп,дәрет,намаздан бастап барша діни мәселердің жауабын білетін маман етеді.Демек, пендесіне Алла Тағала жақсылықты қалағандығының бір белгісі- дінде «фиқһ» болуы.Осы хадистегі шариғат мәселерінің білгірі деген сөзіміздің арапшасы«юфаққиһ», яғни түбірі «фиқһ». «Фиқһ» шариғатта бір мәселені жан-жақты зерделеп, терең түсінуді білдіреді.Фиқһ ілімі- ғибадат мәселеріне қоса, күллі жаратылыспен қарым-қатынасымызды үйрететін білім саласы.Бұл саланы меңгерген адамды «фиқһ» «шариғатты жетік білуші» деп атайды.Бір хадисте шәріпте Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Екі нәрсе мұнафиқтың бойынан табылмайды.Бірі-көркем мінез.Екіншісі – шариғатта фиқһ (шариғи білімнің білгірі) болу»,- деген.
Қорыта айтқанда, Ислам дінінің басты мұраты- білім кәусарымен әрбір мұсылман баласын діни әрі дүнияуи ілімдермен сусындаттыру.Жер бетінде ғылым-білімді Исламдай ардақтайтын дін немесе қоғам болмаса керек.Өйткені, мұсылман жұртының қасиеті кітабы Құран Кәрімнің ең бірінші түскен аятында: «Жаратқан раббыңның атымен оқы»,-делінген.Осының өзі адамзатты білімге жетелейтіндігін дәлелдейді.
Бүгінгі тәуелсіз Қазақстанда білім алушыға барлық жағдай жасалған. «1 қыркүйек – білім күні» деп жарияланған.Арнайы бір күнді «Білім күні» деп атаудың өзі халқымыздың білімге деген талпынысын, білімге құштарлығын көрсете түссе керек.Алла барша Қазақстандарға екі дүниенің бақыты болып табылатын Пайғамбарлар мұрасы, діни білімнен несібелі болуды нәсіп етсін!
Шалқар Дәулетханұлы,
«Бәйтерек» мешітінің найб имамы