Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Жерұйық-Отан – Асан қайғының арманы

Бізге беймәлім бағзы замандарда елінің қамын жеген Асан Қайғы абыз желмаяға мініп, орманы, көкорай шалғынды, қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған қоныс іздеп, жиһан кезіпті деседі. Жұртымды жерұйыққа қоныстандырсам деген арман қарияны төрткүл дүниенің төрт бұрышына жетелепті.

   Сол сапарында Асан Қайғы Маңғыстауға үш барып,үш қайтыпты. «Түбінде мал баққан шаруаға Маңғыстаудан жақсы жер болмас»,-деген екен ақырында.Ал, Жетісуды көргенде: «Мынау Жетісу ағашының әр бұтағы жеміс екен,шаруаға жақсы екен»,-депті.Осы күнгі Мерке деген жердегі Аспарын көргенде: «Ей, Аспара, көршіңмен тату бол,шөбің  суың жетер»,-деп жүріп кетіпті.

   Баянауыл тауын көргенде: «Баянға жаймай,қой семірмес»,-деп Асан қазіргі Баянауылды өзіне жайлау етіпті.Әулиеатаның батысындағы Жуалы жерін көргенде: «Жерің семіз, шөбің сүйгін, қарың мол, топырағың май екен,қадіріңді егін салған ел білер»,-депті.Шыңғырлау өзеніне тоқтап, Желмаясаны суарғанда: «Жылқының өзі өскен жоқ.Шыңғырлау, сен құт болған екенсің, сен өсірген екенсің»,-деп, Жиһан  кезіп, шұрайлы қоныс, нулы өлкен іздеумен  өмір бойы Желмаясымен желіп өткен Асан Қайы Ұлытаудың бас жағында келіп дүние салыпты.

      Біздерге аңыз болып жеткен бұл әңгіменің соңында Асан Қайғы әркімге өзінің туған жері – Жерұйық екенін біліпті деседі.

Жуасаның иісі

   Пайғамбарымыз (с.ғ.с) өзіңнің туған отаның- Мекке мекке шаһары жайлы:

  «Неткен ғажап өлке едің!Сенен асқан ардақты мекен маған жоқ.Ел-жұртым сенен мені шығарсама, сенен басқа жерге кетпес ем»,-деген екен.

         Бұл- Алла Елшісінің (с.ғ.с) туған жерімен қоштасып тұрғанда айтқан еді.Отанына деген терең де шынайы сезінен  туған сөздер болатын.Пайғамбарымыз (с.ғ.с) Меккенің тауын да, тасын да, суын да, ауасын да жақсы көрді.Әрине, әркімге туған жеріне жетер жер болмасы анық.Өз туған өлкесінің өзені де мөлдір, суы да тұнық сезіліді.Шаңы шыққан қу тақыр болса да, туған жердің топырағына жетпейді.

Баяғыда арабтар жорыққа аттанғандарында немесе сапар шыққанда, сағынышын басып иіскеп жүретін туған жерінің бір уыс топырағын ала шығатын салт-дәстір болған көрінеді.Мысыр еліне ұлтан болып барып,сұлтанына  айналған атақты Бейбарыстың да Қыпшақ даласынан ала кеткен бүр түп жусанды иіскеп, сағынышын басқаны  туралы тарихи деректерде айтылады.Билікке жетіп, хандық құру уақытында Ніл өзеніндегі аралдың бірінде  киіз үй тіктіріп , бие байлап, қымыз сапыртқан қайран бабамыз үшін туған жердің қадірі қаншалықты болғанын аңғару қиын емес.Халқымыз бұл турасында «Туған жердің түтіні де ыстық» қалай дәл тауып айтқан десеңізші!

    Айша анамыз (р.а.) риуаят еткен бір хадисте:

   «Алланың атымен бастаймын. Жеріміздің топырағымен, біріміздің сілекейімізбен, Алланың қалауымен науқас адамымызға шипа болсын»,-деп Пайғамбарымыз (с.ғ.с) дем салғаны айтылады. Бұл бекер айтылған сөз емес. Дана халқымыздың «Туған жердің топырағыда шипа» дегені осыдан шыққан емес пе?!

 «Отанды сүю – адамның болмысында бар сезім».   Отан – адамның кіндік қаны тамып, саналы ғұмыры өткен құтты жер. Отан – ата-бабасының мекені, әулеиеттің  терең тамыр жайған киелі өлкесі. Әркім үшін Отаны оттан ыстық.

     Имам Ғазали: «Адам баласы туып өскен жері елсіз шөл дала болса да оған бауыр басады.Отанды сүю – адамның болмысында бар сезім. Адам туып-өскен жерінде жаны жай табады.Алыс кетсе сағынып, жау шапса қорғауға, сынаса ашулануға дайын тұрады», – дейді.

   Туған жерін сүю – Жаратқанның адам болмысына берген қасиеті. Тек тексіз әрі қасиетсіз бейбақ қана туған жеріне опасыз келеді.

    Ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с) туған жері Меккені ерекше жақсы көрген еді.Мүшріктерден қаншама қиындық көрсе де, сүйікті Меккесін тастап шығуғада қимайды. Он жыл бойы  неше түрлі толассыз озбырлыққа сабырлық етті. Соңынан ерген  сахабалардың  да көрмегені қалмады. Туған жері Исламға құшақ жаяр ма деген үміттен төзімділік танытып бақты, алайда, Алланың хикметі  адам баласына беймәлім. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) көшуге мәжбір болды.

      Туған елінен кету уақыты сәті келген кезде Пайғамбар қимастықпен қоштасып.Діліндегі қимастықты тілмен жеткізді.

     Мадинаға көшіп келген кезде Алла Тағала дұға етіп, халқы елден қуалап жіберсе де, Меккені жақсы көретін сияқты Мадинаны да жүрегіне сүйікті етуді сұрады. Мадина – жаңа отаны. Исламның – астанасы. Сондықтан Алла Елшісі (с.ғ.с):

    Пайғамбар дұғасы қабыл болды. Мұсылмандар түгелдей Мадинаны қатты жақсы көріп кетті.Әнәс  бин Малик (с.ғ.с) былай дейді: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с) сапардан оралғанда, Мадинаға таяп келгенін аңғартатын оның тауы мен жотасы көзге  көрінсе қуанып,ат көлігін тездете бастайтын» .

    Ибраһимнің дұғасы:

 Отанды сүю тек ішкі сезіммен шектелетін түсінік емес. Ол – сөз және іспен көрсетілетін сезім. Отанға деген ыстық ыстық ықылас дұға жасағанда шынайы байқалды. Өйткені, дұға – тікелей Жаратушыға үн қатады.

 

М. Сұлтанов,

 

«Бәйтерек» мешітінің бас имамы

Жоғарыға