Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Құдай Тағаланың рахметі

Скачать шаблоны для cms Joomla 3 бесплатно.
Зелёные шаблоны джумла.

Құдай Тағала пенделерін ғибадатқа бұйырды. Өйткені, Ол зат біздің      өмірімізге, тіршілігімізге, өміріміздің мазмұнына  айналатын нәрсе ғибадат екенін білуші.

Құдай Тағала арақты және оның үкіміндегі барлық естен тандыратын нәрселерді харам қылды. Өйткені, ол нәрселерде біз үшін үлкен зиян бар.

Құдай Тағала құмарды харам қылды. Өйткені құмарда зиянға ұшырау бар. Себебі, бір-бірін жаман көріп және бір-бірін дұшпандыққа итермелейді.

Құдай Тағала зинаны харам қылды. Өйткені, зинада қандардың араласуы сондай-ақ түрлі азғындыққа ұшырау қауіпі бар.

Құдай Тағала некені халал қылды. Өйткені, некеде ынтызарлық пәктік, жауапкершілік, жүрек тыныштығы бар.

Құдай Тағала мейріміділігі һәм рахметімен кеңдігі үшін зиянды әрі таза емес  нәрселерді харам қылып, пайдалы пәк нәрселерді халал қылды. Сонымен қатар ғибадаттарды да өзінің рахметімен парыз ғибадаттарды орындауға бұйырды.

 

Болат Әбділкәрім,

 

«Әт-тақуа» мешітінің наиб имамы 

Жоғарыға