Уақыт қадірі
Құрметті оқырман! Өткен мақаламызда қоғамдағы келеңіз жәйттарды, ұлт болашағы туралы сөз қозғадық. Санамызға сан түрлі ой салатын, бүгінгі қоғамның өзекті мәселесіне айналған, басты тақырыптың бірі, уақыттың қадір-қасиеті жайлы болмақ. Алла Тағала адам баласын аса мәртебелі, қадірлі етіп жаратып, осы ұлылығына сай періштелерге сәжде еткізді. Аса көркем бейнеде жаратып өзінің сүйікті құлы етіп, жоғары дәрежеге көтерді. Осы тұрғыда лағнет шайтан тәккәпарланып, алланың ұлылығына сәжде етуден бас тартып, жәннаттан қуылады. Нығметке толы жәннаттан қуылған шайтан, адам ұрпақтарын қиямет күніне дейін азғыруды басты қағида санап, неше түрлі қулық жасап, арбаудың сан түрлі тәсілін жасай бастайды. Бүгінгі таңда шайтан салған түрлі айла, жүрегінде иманы бар, Алланы бір деп, Мұхаммедті (с.ғ.с) пайғамбар деп иман еткен әрбір мұсылманға ықпалын тигізе алмай, шайтанды сергелдеңге түсірді. Қасиетті Құран шайтан жайлы былай дейді: «Расында шайтанның айласы әлсіз».
Бұл аятқа қарайтын болсақ, шайтанның жасаған құйтырқы іс-әрекетінен әр пенде, Аллаға шынайы иман еткен мұсылман өзін қорғай алады. Алайда, бүгінгі дамыған қоғамда қандай пенде болмасын шайтанның тұзағына түсіп қалып жатқаны бізге мәлім. Мәселенің ақ-қарасын анықтау үшін Қасиетті Құранға тағы үңіліп көрейік;«Ол-адамдардың көкірегіне уәсуәса (күмән-күдік) салады. Ол уәсуаса салушылар жындардан және адамдардан». Бұл аяттар шайтан жыннан және адамнан болатынын аңғарамыз. Жыннан болған шайтан тек сыбырлайды. Ал, адамнан болған шайтанды біз көріп тұрамыз, ол сөйлейлі, түрлі жолмен азғыра алады. Алла Тағала Құранның көптеген аяттарында уақытпен ант еткен. Мысалға, (таңмен серт, күнмен серт, сәскемен серт, ғасырмен серт, т.б)... Алланың белгілі бір уақыттармен ант етуі, уақыттың қадір-қасиетін аңғартады. Адам баласы өзінің өмір сүрген сәтіндегі әрбір сағатынан, минуттарынан сұралады. Жоғарыда айтып өткеніміздей шайтанның азғыратын айласы әлсіз болғандықтан, адамнан болған кейбір шайтандар қадір-қасиетті мол уақытымызды ұрлауға кірісті. Күнделікті өзіміз тұтынатын теледидар, ғаламтор, ұялы телефон арқылы біздің алтын уақытымызды пайдасыз іске жұмсатып, Алланы еске алудан тыйып қойды, құлшылықты уақытында жасаудан тыйды, өзіміздің балаларымызға, туған-туыстарымызға көңіл бөлуден тыйды, кітап оқудан, білім алудан тыйды.
Құрметті бауырлар, шайтанның айласына алданбай, алтындай уақытымызды пайдалы іске жұмсауды Алла нәсіп етсін.
Артық Жұмабекұлы,
«Иманғали» орталық мешітінің наиб имамы
