Ислам дініндегі шариғат заңдары
«Ислам» сөзі «Құдайға толық мойынсыну», «бейбіт адам болу» деген мағыналарды білдіреді. Ислам дінінің негіздері бесеу. Олар: иман, намаз, ораза, зекет және қажылық. Исламдағы ең ірі бағыт – сунниттер. Әлемдегі мұсылмандардың 90 пайызысуниттікисламдыұстанады. «Сунна» араб тілінде жол деген мағынаны береді. Сунниттер хадистерді нағыз мұсылмандар жүретін жол деп таниды. Осыдан олар өздерін «аhли ас–сунна», немесе «аhли әхли–сунна уа жамағат», «сунна адамдары»– деп атайды. Яғни олардың киелі мұрада бекітілген имлам құндылықтарына беріктігін, жамағаттың өмірлік маңызы бар мәселелерді шешудегі жетекші рөлін мойынайды. Суниттерге тән белгілердің негізгілеріне: төрт «тақуа халифтердің» заңды билігін мойындау; алты «қағидалы» хадис жинақтарының дәйектілігіне күмән келтірмеу;сунниттік төрт құқықтық мектептердің біріне тиесілі болу жатады. Суннаның негізгі құрамдас бөлігі – хадис. Ол Мұхаммед пайғамбардың өмірінен хабар беретін, оның іс–әрекеттері мен уағыздары жайында айтатын кітап. Онда мұсылман қауымының өмірінің түрлі–түрлі діни–құқықтық қырлары да қарастырылған. Хадис екі бөліктен тұрады: иснад(араб. «тірек»)– Пайғамбар туралы хабарды ол қағазға түскенге дейін бір–біріне ауыздан–ауызға жеткізгендерді тізбектете келтіру және матн(араб. «мәтін»)–нақты ақпарат ала жүретін бөлік. Кең тараған исламдық жіктемелердің біреуіне сай, шиитік бес үлкен секталар бар. Олар өз алдына одан да кішірек құрылымдарға бөлінген екен. Оларға: қайсаниттер, зейдиттер, имамиттер, «шеткі» шиитер және исмаилиттер жатады. Шиитердің саны жағынан ең көп әрі байыпты қатарын имамиттер қалыптастырады.Хариджиттер алғашқы араб жаугершілерінде және халифаттағы саяси–әлеуметтік қайшылықтарының күшею кезеңінде пайда болды. Хариджиттер ислам тарихындағы ең ежелгі діни–саяси топ болған.
Сопылық бағыт – исламдағы мистикалық бағыт. Өздерінің мистикалық жолдарында әрбір сопы мынадай деңгейлерден өтулері қажет:
Шариғат– ислам заңдарын бұлжытпай орындау;
Тариқат – ерекше тақуалықпен ғибадаттар, нәпсіні тыю;
Марифат – Алла тағала тұрғысынан әлемнің бәрі бір екендігін жүрекпен тану;
Хақиқат(шындық) танушының құдіретпен үндесуі. Әр істе Алла тағаланың бір хикметі бар демекші, шариғат үкімдерінде де Алланың бір хикметі бар. Осы мақсаттарды шартты түрде шариғаттың рухы десек те болады. Осы рухты сезінген адам ғана дұрыс шешім бере алады.
Урумбаев А.
«Иманғали орталық» мешітінің азаншысы