Өлген адам атынан садақа беру
Жалпы адам баласы осы дүниеде мәңгі қалмайтынын бәріміз білеміз.Сонда да осы дүниеге алданып о дуниені ұмытып кетіп жатамыз.Алла Тағала сол үшін бізге бұл дүниеде көптеген ғибрат алатын нәрселерді көрсетіп қойды.Көкірегі ояу адам үшін бір жапырақтын түсуі жеткілікті.Мысалы:Алла Тағала бір адамға ауру адамды, бір адамға кедей адамды,бір адамға қасындағы жолдасынның дүниеден өткенін көрсетуі мүмкін.Қарап тұрсақ біз үшін көптеген ғибраттар бар.Солардың ішінде өлім деген нәрсе адамдар үшін үлкен ғибрат.Бұл өлім адамзат арқылы Алла Тағаланың алдына қайтады.Енді о дүниеге кеткен адамдарға артында қалған ұрпактарынның жасаған қайыр істерінен өліге пайда береме соған тоқталайық.
Алла Тағала айтады: Ал олардан соң келгендер: Раббым! Бізге және біден бұрын иман айтқан бауырларымызға кеңшілік жаса,біздің жүрегімізге мүміндерге қарсы жаулық салма! Сен өте жарылқағыш,әрі мейірімдісің дейді (Хашр 10).
Осы аятта Алла Тағала иман келтіргендердің кейінгі толқындарының өздерінен бұрын дүниеден өтіп кеткен алдыңғы толқындарға жарылқау,кешірім тілейтіндігін һәм мұндай сипаттардың иман келтіргендерге тән екендігін айтып тұр.Бізден бұрын өткен әрбір мұсылман пенде үшін жасалынатын амал Аллага дұға қылып,Алладан жарылқау тілеу керек.Оларға жамандық ойламау керек.Бұл ардақты аятта өмірден өтіп кеткен мұсылмандарға арнап дұға жасауға,олардың аттарынан ізгі іс істеуге ишарат бар.
Хадис шәриф. Айша анамыздан (р.а) риуаят етілді: Бір кісі: - Менің анам кенеттен қайтыс болды. Менің ойымша, егер анам (тірі сияқты) сөйлей алатын болса, садақа беруді өсиет еткен болар еді. Енді мен оның атынан садақа берсем, сауабы оған тие ме? - деп сұрағанда Пайғамбар (с.а.с): Ия, - деп жауап береді. Бухари, Мүслім, Әбу Дәуіт, Нәсәй, Ибн Мәже риуаят еткен.
Хадистен ғибрат
1.Егер пенде ізгі іс істеп,Алла жолында садақа беріп,Қажылыққа барып, Сол істеген істерінің сауабын өлген кісінің артынан дұға қылып, бағыштаса, иншалла, қабыл болады.
2.Алла разылығы үшін істелінген ізгі істің сауабы өлілерге тарту етілсе, оларға пайда береді.
3.Тірілер өлілердің аруақтардың қолдауына мұқтаж емес, керісінше, өлілер тірелердің дуғаларына мұқтаж.
4.Дүиеден өткендер туралы тек жақсы сөз айтып,олардың жақсылықтардың еске алу ізгілікке жатады.
Жамелов Ринат,
«Құспан мола» мешітінің
наиб имамы