Сәләф солихин және сөйлесу әдебі.
Маймун ибн Махран жеткізеді: «Бір кісі Салман Фарсиге келіп: Маған өсиет беріңіз, - деп өтініш қылды.Сонда Салман: «Сөйлеме» деген екен. Әлгі адам: «Адамдардың арасында өмір сүруші адам қалай сөйлеспей жүре алады» дейді. Сонда Салман: «Сөйлегің келсе шын сөйле немесе үндеме» - деді. Құлшынысын білдіре отырып тағы да не айтар өсиетіңізбар деп әрмен қарай сөзін жалғастырды әлгі жігіт. «Ашуланба» - деді Салман. Жігіт:«Мен кейде өзімді ұстайалмай қаламын». Салман:«Онда ашулансаң, тіліңмен қолыңа ие бол». «Бұдан кейін не өсиет айтасыз», - деп өтінді жігіт. Салман: «Адамдармен араласушы болма» - деді. Оған таңқалған жігіт: «Адамдардың арасында өмір сүруші адам, қалай араласпай жүре алады» - деп ойын ашық білдірді. Салман:«Егерде адамдармен араласатын болсаң, шындықты айт және аманаттарын орында» – деп тағлымды жауап қайырды.
Имам Аузағи: Омар ибн АбдульАзиз бізге хат жазған еді. Әлгі хатты мен және Макхулдан басқа ешкім сақтамаған болатын. Хатында: «Кімде-кім өлімді көп еске алса, дүниеде аз нәрсеге қанағаттанады. Кімде – кім айтқан сөзіңді амал деп есептейтін болса, оның сөзі азаяды. Сөйлесе тек пайдалысын сөйлейді» деген сөз жазылған.
-Бір кісі келіп Фудайл ибн Аядқа: «Зухд» дегеніміз не?- деп сауал қойды.
-Фудайл ол кісіге: «Қанағатшылдық» деп жауап қайырды. Әлгі кісі: «уарғ» деген не? – деді.
-Фудайл:«Арам болған нәрселерден сақтану» – деп жауап берді.
-Әлгі кісі: «Құлшылық» - деген не?
-Фудайл: «Парыздарды толық орындау» - дейді.
-Әлгі кісі: «Бой ұсынушылық» деген не?- деген соңғы сауалын қойды.
-Фудайл: «Шындыққа бой ұсыну – деді де, ең берік сақтау керек нәрсе ол – тіл» - деп тәлімі мол ой тастады.
Түйіндей келе осыған қарап, көп нәрсеге көзімізді жеткізуімізге болады. Мәселен, шыншылдық шымыр адамның қолынан келсе, қанағатшылдық сабырлы жанның қолынан келеді. Ал,«он күнәнің тоғызы тілден» екенін біліп жүрген жан да арам жолды баспайтын ғайбат айтып өтірікші болып қалмайтын жанның біріне айналары сөзсіз. Сол секілді тілімізде шыншылдық сайраса, ділімізде мейірімділік тұнып тұрса,ешкімге зияны жоқ қарапайым жан болып жүрсек алынбайтын қамал, жібімейтін жүрек болмайтыны анық!!!
Бегалиев Еламан.
Теолог