Қан алдыру – пайғамбар (с.ғ.с.) сүннеті
Шариғат үкімі бойынша пайғамбар (с.ғ.с.) сүнннеттіне жататын қан алдыру (хижама) соңғы уақытта кең етек алып келеді.Пайғамбарымыз с.ғ.с. бір хадисінде «Емделудің үш түрі бар, балмен, қан алдыру, отпен күйдіру». «Мен отпен күйдіруді қайтардым», -дейді. (әл Бухари).
«Хижама» – әртүрлі ауруларға қарсы, адам денесінен алынатын қан. Хижама көп аурулардың шипасы. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өзі оны «өлімнен басқаның бәріне ем», -деген.
Жабир (р.а.) жеткен хадисте «Әр аурудың шипасы бар, егер науқас адамға ем жасалса, ол күмәнсіз Алланың әмірімен шипа табады» және келесі бір хадисте пайғамбар (с.ғ.с.) «Сіздер үшін қабылдайтын емнің ең жақсысы «хижама» деп атап көрсетеді.
Американың Чикаго Медицина универститетінің профессоры Мұхаммадесолих Хижамамен емдеу көптеген дертке дауа, сондай-ақ, хижама қытайша инемен емдеуден де абзал, хижама жеріне тамырларын оятады әрі қан айналымын да қалыпқа келтіреді дейді.
Ұлыбританиялық жүйке ауруларының дәрігері профессор Аш Шалоги «Хижама қан қысымын түсіріп, иммуниттетті көтереді, ауруға қарсы күресетін жасушаларды күшейтуге көмектеседі, – дейді.
Қазіргі таңда елімізде де пайғамбар (с.ғ.с.) медицинасына жататын осы ем түрі кең қолданысқа ие болып, дертіне дауа іздегендерге өз септігін тигізіп жатыр. Ендеше ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеп, хижама арқылы ауруға шипа болар жол көрсеткен сүннеттің барына шүкіршілік етеміз.
Ізбасар Қабдрахман,
«Мәулімберген» мешітінің
наиб имамы
