Рамазан айы – Құран айы

Қасиетті Рамазан айы – Құран айы. Ол туралы Жаратушы иеміз: "Рамазан – адамдарға тура жол нұсқаушы, бекем тұтынатын жол басшы, ақ пен қараны айырушы ретінде Құран түсірілген ай. ("Бақара" сүресі,185 аят).
Рамазан айының алғашқы он күні – Алланың раxметі, одан кейінгі он күндігі Жаратушы иеміздің кешірімі, ал соңғы он күні тозақтан құтылу (с.ғ.с.): "Ол айдың алғашқысы Жаратушының раxматы, ортаншысы кешірім, және соңғысы тозақтың отынан азат болу" деген. (Саxиx Бұxари, Саxиx Мүслім). Яғни, қасиетті Рамазан айының алғашқы он күнінде Жаратушы иеміздің құлдарына деген нығметі артып, молая түседі.
Алла Тағаланың бұл нығметі күллі мұсылманға нәсіп болады. Ал шүкіршілік еткен пенделер үшін бұл нығмет барынша молая түспек. Өйткен Алла Тағала қасиетті Құранда: "Егер шүкір етсеңдер сендерге берер нығметтерімді арттыра түсемін"- деген. (Ибраһим сүресі, 7аят) Және Рамазан айының екінші он күндігі келген кезде Жаратушымыздың шынайы тәубе еткен құлдарына кешірімі болады, бұл деген нағыз сыйлардың ең үлкені, өйткені қиямет күнінде Раббымыз сол кешірімі арқылы жалындаған тозақ отынан аман сақтап жәннатына кіруді нәсіп етсе бұл біздің арман тілектеріміздің қабыл болғандығы.
Ғұламаларымыз бұл xадиске былайша түсіндірме жасайды: "Рамазан айының алғашқы бөлігінде Алла Тағала ауызын бекіткен құлдарына мол раxматын нәсіп етіп, берекесін молайтады, ал ортаңғы бөлігінде ауыз бекіткен құлдарының күнәларын кешіреді, ал соңғы үшінші он күндігінің соңғы түнінде тозаққа лайықты болған ауыздарын бекіткен көп пенделерін тозақтан азат етеді"-деген. Расулуллаһ салла Аллаһу алейһи уә сәлләм былай дейді: "Рамазан келгенде жәннат есіктері ашылып, тозақ есіктері жабылады, әрі шәйтандар кісенделеді". Асыл дініміздің ғұламалары бұл xадисті былайша тұжырымдайды: "Жәннаттың есіктері ашылып, тозақ есіктерінің жабылуы және шәйтандардың кісенделуі Рамазан кіргенінің әрі бұл айға деген үлкен құрметтің белгісі болуы ықтимал. Ал шәйтандар мүміндерге зиян тигізіп азғырмаулары үшін кісенделеді. Сонымен қатар Жәннат есіктері ашылып, тозақ есіктерінің жабылуы сауап пен кешірімнің мол болып, шәйтандардың азғыруы кемуіне меңзеуі мүмкін" деген.
Имам Хиббан және Имам Байxақи ибн Аббас роди Аллаһу анһудан жеткізген xадисте Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) былай дейді: "Сол кезде Алла Тағала: "Ей Ридуан! Мұxаммедтің салла Аллаһу алейһи уә сәлләм үмметінен ораза ұстағандар үшін жәннаттардың есіктерін аш! Ей, Періште! Мұxаммедтің салла Аллаһу алейһи уә сәлләм үмметінен ораза ұстағандар үшін жаһаннамның есіктерін жап!" дейді.
Ораза ұстаған жан нәпсісінің барлық қалауларын тежеуді үйреніп, өзін барынша туралыққа бағыттайды. Ал бұлай жасау түрлі жамандық атаулының бетін қайтарары сөзсіз. Жүрегі қашанда ізгілікке құштар жанның, күнәдан төбесінен ауыр алып тас құлап кететіндей жағдайда сезініп, барынша өзін барлық жамандық атаулыдан аулақ ұстаған пендеге Жаратушының жәннат атты сиы да уәде. Сондықтан құрметті ағайын сағынышымызды баса алмай қайта қауышқан қасиетке толы Рамазан айында істейтін ізгі амалдарымызды арттыра түсіп, Алла Тағала сәтін салса келер рамазанға дейін шынайы мүмін сипатында жалғастырып, Аллаға жаққан ізгі пенделер қатарынан болуға тырысайық!
Ержан Қуанышұлы,
Құспан молда мешітінің наб имамы