Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

«Радикалды теріс діни ағымдардың қоғамға кері әсері»

Асыл да ақиқат дініміз Ислам адамзаттың бақытқа қол жеткізуін қалайды. Ал сол асыл дініміздің атын жамылып, сенімге селкеу түсіретін басқа да мүддені көздейтін идиологиялық сайтани сенімдер де жоқ емес. Олардың дәстүрлі дін бағытынан өзгешелегі сол – адамзаттың бақытынан айырып, белгілі топтың басқаларды басып-жаныштап, өздері солардың үстінен үстемдік құрғысы келетін қолдан жасалған радикалды көзқарас қалыптастыратын діни теріс ағымдар көбейген заман. Кез-келген теріс бағыттағы діни ағымдардың мақсаты мансапқа, байлыққа қол жеткізу екендігі ақиқат. Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін адамзаттың ажырамас байланысы болған діни сенім арқылы халық арасында әр-түрлі пікір қалыптастырып xалықты сан-саққа бөлу арқылы мемлекетті ыдыратқысы келетіндіктері олардың түпкі арам ойлары. Сол сияқты әдіспен әлемдегі кейбір мемлекеттердің шаңырағы шайқалғанын куә болғанымыз қай заман. Соның ішінде, бүгінгі күнде елімізде үлкен үрей тудырып отырған САЛАФИТТІК террорлық ұйымы болып отыр. Енді сол ұйым туралы аз-кем ақпарат беріп көрсем. Бұл ұйым сонау Хауариждерден бастау алатын дау дамайлы бұзақылық қандарына сіңген үрейлі топ. Харижиттер туралы мына сілтемеден толық ақпар ала аласыз http://islam.kz/kk/articles/islam-jane-gylym/harijitter-degen-kimder-851/#gsc.tab=0 Бұл бүліктің соңы қанды-қырғын соғысқа ұласып та кеткен еді. Ал енді осы Харижилердің жолын жалғаған Салафиттік ұйымы Ислам дінінің атын жамылып, Қасиетті Құрани Кәрім аяттарын тіке түсініп және де Пайғамбарымыз Салла Аллаһу алейһи уә сәлләмнің мүбәрак xадистеріне өз беттерінше амал жасап, жергілікті дін ғұламаларына бағынбай, нәпсілеріне ерік беріп, жалған қолдан жасалған пәтуаларға бой алдырған топ. Бұл ұйымның мүшелері Ислам дінінен ешқандай да толық хабары жоқ, діни сауатсыздар. Міне, осыншалықты елімізге қаупін төндіріп отырған радикалды бұл теріс ағымның қызметіне заңмен қатаң түрде тиым салыну мәселесі әлі де болса жүзеге аспай отырғаны қынжылтады. Сондықтан да, уақыт-келешек ұрпағымыздың рухани сұранысын өтеуде аса сақтықпен, жауапкершілікпен қарауды талап етеді. Өйткені, сәл болмашы қате басылған қадам барлық өмірді сергелдеңге айналыдыруы бек мүмкін. Жас ұрпақ еліктегіш, сенгіш келеді. Мұндай бұралаң жолдың арбауына тез ілігіп қалады. Сондықтан да, әр отбасы баласының діни рухани қызығушылығын қанағаттандыру жолында байыппен, аса жауапкершілікпен, сақтықпен қарауы өте маңызды. Ержан Қағазғалиев Атырау облыстық "Иманғали" орталық мешітінің найб имамы.

 

Жоғарыға