Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

ҚҰРБАН АЙТ ҚАБЫЛ БОЛСЫН!

Мейірімді де рақымды Алланың атымен бастаймын! Жаратқан бір Аллаға сансыз мадақ пен мақтаулар болсын! Екі дүние сұлтаны Мұхаммед пайғамбарымызға (с.ғ.с.) сансыз салауаттар болсын!

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2018 жылы Құрбан айт мерекесі тамыз айының 21-і күні басталатынын хабарлайды. «Жылыой мұсылмандар» аудандық орталық мешіті Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Құрбан Айт намазы таңғы сағат 07.30-да оқылады.

Құрбан айт – Жаратушы Иеміз белгілеп берген екі мейрамның ұлығы, айтулы мереке. Халқымыз бұл мейрамға айрықша дайындалып, көпшілікпен ерекше атап өтеді. Берекеге бастаған Құрбан айт бірлік пен игілікке, мейірім мен кешірімге үндейді.

Айт – ағайынның ауызбіршілігін арттыра түсетін, мұсылман қауымын имандылыққа ұйытып, барша адамды қанағат пен тәубеге шақыратын ұлық мейрам. Айт күні адамдар құрбан шалумен ғана емес, сауапты, ізгі, қайырлы амалдарымен Раббысының разылығына, рақымына жақындай түседі. Өйткені, араб тіліндегі «құрбан» сөзі «жақын болу», «жақындау» деген ұғымдарды білдіреді.

Қасиетті Құранда: «Ұмытпаңдар, олардың еті де, қаны да ешқашан Аллаға жетпейді. Оған жететін нәрсе – жүректеріңізге ұялаған тақуалықтарың (шынайы ниеттерің)»(«Хаж» сүресі, 37-аят), – деп баяндалған.

Сүйікті пайғамбарымыз (с.ғ.с.) мерекенің басталуы мен құрбан шалудың уақытына қатысты: «Біздің бұл күнде алғашқы атқаратын ісіміз – намаз оқу(айт намазы), сосын қайтып келіп, құрбандық шалу. Кімде-кім осылай етсе, біздің сүннетімізге ергені. Ал кімде-кім бұдан бұрын құрбандығын шалатын болса, бұл құрбанының отбасына берілген еттен айырмашылығы жоқ. Мұның құрбан болуы мүмкін емес», - деген.

Арман ИСАЕВ,

«Жылыой мұсылмандар» аудандық

орталық мешітінің бас имамы

 

Жоғарыға