Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Ханафи мәзһабының фиқһтағы орны

Алла Тағала Адамзат баласына мейірімін төгіп, Пайғамбарлар жіберіп, соның ішінде ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа (с.ғ.с.) қасиетті Құранды насихаттады. Нәтижесінде мыңдаған сахабаларды тура жолға салып, тәрбиелеп кетті.

Ардақты сахабалардың ізін жалғастырып, Ислам дінін дүние жүзіне жайған атақты табиғиндер болды. Солардың арасында шоқтығы биік Имам ағзам Әбу Ханифа еді.

Қазіргі уақытта дүниежүзінде шамамен 48 пайыз мұсылман осы Имам Ағзам Әбу Ханифа мәзһабымен амал етуде. Жалпы, Орталық Азия, Үндістан, Пәкістан, Ауғанстан, Түркия, Ресей, Кавказ, Қазақстан аумағындағы мұсылмандар осы мәзһабты ұстанып, тату-тәтті өмір сүруде.

«Фиқһ» сөзі араб тілінде «түсіну», «терең ұғыну» деген мағы- наларды білдіреді. Ал, діни термин ретінде ол – шариғат үкімдерін зерттейтін ғылым – деген мағынаға саяды.

Фиқһ ғылымының негізгі дереккөзі қасиеттіҚұран мен Сүннет болып табылады. Алла Елшісі (с.ғ.с.): «Шайтанға қарсы мың құлдан бір фақиһ (дінді терең меңгерген кісі) артық» деген.

«Шындығында, Әбу Ханифа Ислам тарихында аты әмбе жұртқа танымал көрнекті тұлға.Барлық мұсылман үмметі оны үлкен ғалым екендігін бірауыздан мойындаған.

Имам Зәхаби кітабында «Әбу Ханифа діни мәселерді терең білуші Фақиһ һәм имам. Риуаяттарды үйренуге ерекше мән берген. Осы мақсатта сапарға жиі шыққан. Фиқһтағы терең мәселелерді зерттеу бойынша алдына жан салмаған рай саласында шоқтығы биік тұлға. Бұл салада адамдар оған тәуелді» десе, тағы бір жерінде «Әбу Ханифаның фиқһ пен оның терең мәселелерін талдауда имам екендігін барлығы мойындайды. Бұл – зәредей күмәнсіз ақиқат» деген. («Әбу Ханифа және Ханафи мәзһабы» кітабы. 142-ші бет)

Яғни, Имам Ағзам Әбу Ханифа секілді ұлы ғұламалар Ислам дініне өлшеусіз үлес қосты. Жалпы, шариғи мәлесені шешу үшін Әбу Ханифаның фиқһ әдіснамасында қолданған дәлелдері төмендегідей:

Құран кәрім.

Сүннет.

Сахабалардың сөздері.

Ижма.

Қияс.

Жоғарыда байқағанымыздай, Имам Ағзам Әбу Ханифа Ислам шариғатына, жалпы асыл дінімізге соның ішінде фиқһ саласының дамуына өлшеусіз үлес қосып, үлкен ғұламалардың тарапынан жақсы пікірлерге ие болған көрнекті ғалым һәм зор тұлға. Және өзінен кейін жүздеген ғалым - шәкірттерін тәрбиелеп кеткен ұлы ұстаз екенін айтып кеткіміз келеді.

Мақсот БАҒЫТЖАНОВ,

«Мәулімберген» мешітінің имамы, Тасқала ауылы.

Атырау қаласы.

Жоғарыға