Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Иман келтірген адамды Алла қорғайды

Алла Тағала иман келтірген Өзінің сүйген құлдарын қорғайды делінген. 

Алла Тағала сізге не маңызды соны қорғайды. Бұл өмірде бізге мұсылман ретінде не маңызды? Жанымыз да, уақыт та бәрі таусылары хақ,өлім періштесі келген сәтте ең қалатын құнды нәрсе ол - иман. Ең маңыздысы о дүниеге иманмен кету. Егер ол жоқ болса онда басқаларының не қажеті бар ? 

Бейнеттеп тапқан дүние де,таныс-тамыр,күтінген денсаулық ешқайсысының парқы жоқ. Қасиетті Құранда ол күні таныс та, сауда да жүрмейтінін ескертеді. Шын өмірге әрбір секундымыз,әрбір минутымыз  қадам. Орнымызда отырсақ та, жылжып сол өмірге кетіп бара жатырмыз. Сол сапардағы ең маңызды жол азығымыз  ол - иман. 

Иман болса мәселеміздің шешілуі де хақ. Яғни түбінде жәннатқа кіруіне кепілдік деген сөз. Сізде қымбат не бар, АЛЛА соны қорғайды. Алла Тағала не нәрсені мойнына алса, оны орындайды. Яғни, Алланың қорғап тұрғанының дәлелі кәпірліктен алыс болуымыз. Өзінен теріс қарап адасып кетуден қорғаған АЛЛАҒА қарыз екенімізді ұмытпайық. Осы  қорғанды бағалау парызымыз. 

Мақсот БАҒЫТЖАНОВ, 

Мәулімберген мешітінің бас имамы.

 

Жоғарыға