Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Аллаға құлшылық қылушылардың сипаты

 Әбу Бәкір Сыддық былай деген екен:

 «Аллаға құлшылық қылушылар үш түрге бөлінеді.

 Біріншілері Алладан қорқып құлшылық етеді.

Екіншілері рахымына үміт етіп ғибадат қылады.

Үшіншілері Аллаға деген махаббатпен ғибадат етеді.

 Біріншілерінің үш сипаты бар: өзін-өзі төмен санайды, жақсылығын аз деп есептейді, жамандықтарын көп деп ойлайды.

 Екіншілерінің де үш белгісі бар: әрбір жағдайларында адамдарға үлгі болады, дүниеде жомарттық жасауда адамдардың бәрінің алдында болады, халықтың ішіндегі Алла Тағала туралы ең жақсы ойлайтыны болады.

 Үшіншінің де үш сипаты бар: Алланың разылығы үшін ештеңеге мән бермей, өзінің ең жақсы көретін нәрсесін садақаға береді, Алланың разылығынан соң өзін-өзі қатты сынайды, барлық істерінде, жақсылыққа бұйыруы мен жамандықтан тыюында өзінің Иесімен бірге болады».

 

 Н.ЕРМАҒАМБЕТОВ,  

"Мәулімберген" мешітінің наиб имамы, Тасқала ауылы.

Жоғарыға