Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Ислам дініндегі әйелдің мәртебесі

Біздерді шексіз нығметіне бөлеген, Әлемдердің Раббысы Аллаға,  сансыз шүкірлер мен мақтаулар болсын!  Тіршіліктің қайнар көзі болған Жер әлемінде, өзге мақлұқтардан дәрежеміз биік болып, Алланың нығметтерімен шынайы түрде қауышу да, зор бақыт деп білемін. Қасиетті Құран Кәрімнің Тин сүресінде Ұлық Раббымыз адамзат баласының ең көркем жаратылыс екенің ашық баяндайды. «Расында адамзатты көркем бейнеде жараттық. Сосын оны төмендердің төменіне қайтардық.» - деп, Адамзат баласын өзге мақұлықтардан даралап, дәрежесін көтеріп қояды. 

Жалпылама ер адам болсын, әйел адам болсын, бұл қоғамнан өзінің жеке дара маңызды орнын иемдене алады.  Кез келген тұлғаның өз қоғамынан алатын белгілі бір орны болады. Асыл дініміз Исламда  ер мен әйелдің мәртебесі жоғары. Ислам әлемінде әйелді аса жоғары бағалайды. Алланың Кітабында әйелдер деп аталатын Ниса сүресінің болуы да, әйелдің жоғары мәртебелі, қоғамда аса маңызды адамзат қатарынан екенінің бір дәлелі іспетті.

Исламнан бұрын араб халқы әйел затын қорлап, кемсітіп қарайтын. Қыз баланың дүниеге келуін сұмдық санайтын. Тіпті оларды тірідей жерге көміп тастаудан еш тайынбайтын. Әйел адамды әке-шешесінен қалған мирастан мақрұм етіп, оларға өз үлестерін бермейтін. Мұндай бассыздық тек арабтарға ғана тән емес-ті. Әйел затына үйдегі мүлік ретінде қарап, оларды адамзаттың азғыны санайтын ұлттар да кездесетін. Ал, Ислам діні әлемге жарық нұрын шашқаннан соң, әйел затының құқығын өзіне қайтарды. Беделін көтеріп, оның отбасындағы және қоғамдағы орнын айқындап берді. Қасиетті Құран Кәрімде ер мен әйелдің арасындағы теңдікті көрсетіп, әйел еркектің қабырғасынан жаралғанын айтады. Егер әйел, ана дәрежесіне жетсе, Ислам жаннатты оның аяғының астында деп түсіндіреді.

Хадижа анамыз Мұхаммедтің пайғамбарлығына адамдардың ішінен иман келтірген ең бірінші әйел адам болды. Мұсылман әйелдер Жер бетінде Исламның таралуына көптеген үлес қосты әрі әлі күнге дейін дініміздің таралуына атсалысуда. Аллаһ тағала Құран Кәрімде әйелдерге байланысты, ер кісілерге былай дейді: «Олармен жақсы, байыпты түрде мәміле жасаңдар» (Ниса сүресі, 19-аят), осы себепті ер кісілер әйелдермен жұмсақ, жақсы түрде мәміле жасауға тиісті екен. Ол туралы Ардақты Пайғамбарымыз, екі дүниенің сардары Хазретті Мұхаммед біршама хадистерін баяндағаны мәлім.

Атап айтқанда;

1.     Аллаһ Елшісі с.а.с. былай деген: «Аяғы ауыр болып, құрсақ көтеріп жүрген әйел дүние салса, шаһиттердің[3] қатарынан болады» (Хадисті Убада ибн Самиттен Ибн Саъат риуаят еткен).

2.     Бір күні Аллаһтың Елшісі с.а.с. әйелдерге байланысты былай деді: «Сіздердің әр біріңіз бақытты емессіздер ме? Күйеулеріңізден құрсақ көтерсеңіздер, ал күйеуі оған разы болса. Егер осылай етсеңіздер ол әйелдің аяғы ауыр болған әр бір күніне, күні бойы ораза ұстап түнімен намаз оқып шығушының сауабындай сауап жазылады. Босанар уақыты жақындап, қиналған уақытта, аспандағы періштелердің өзіде Аллаһтың ол әйел үшін қандай сый-сияпат әзірлегенінен бейхабар болады. Дүниеге нәресте әкеліп, көкірегіндегі сүтімен баласын емізген әр бір сәті үшін де Аллаһтың сол әйел үшін дайындалған сыйлығын алады. Нәресте түнімен жылап, анасына ұйқы бермей, ал анасы түні бойы баланы жұбатып, емізіп шыққандығы үшін Аллаһ жолында жетпіс құлды азат еткендей сауапқа ие болады. Сіздер менің қандай әйелдер жайында сөз жүргізгендігімді білесіздер ме? Олар Аллаһқа мойынсынушы, күйеулеріне бағынып, айтқанынан шықпаушы әрі істеген жақсылықтарын тез арада ұмытушы әйелдер». (Хадисті Хасан ибн СуфяннанТабарани риуаят еткен).

3.      «Егер әйел жақсы жанұядан және сұлу болса. Күйеуі өзінен бұрын дүние салып, күйеуі қайтыс болған соң басқа күйеуге шықпай, сауық-сайран құрмай, боянбай кәмелет жасқа келгенше балаларын тәрбиелесе немесе дүние салса, онда ол әйелдің жәннаттағы дәрежесі Менімен[6] бірдей болады». (Абу Хурайраданәл-Хараитириуаят еткен).

4.     Бір күні бір адам пайғамбарға с.а.с. былай деді: «Менің әйелім мен үйге кірген уақытта: «Қош келдің! Менің әрі осы шаңырақтың қожайыны»,-дейді. Мұңайғанымды көрсе: «Бұл өмір сені мұңайтпасын, саған арғы дүние жеткілікті болады»,-дейді. Сонда Аллаһтың елшісі с.а.с.: «Оған айтып барғын: ол Аллаһтың қызметшілерінің бірі, әрі оған, Аллаһ жолында күресушіге берілетін сый-сияпаттың жартысы жазылады». (Абдулла әл-Уадахиден әл-Хараити риуаят еткен).

5.     Айша р.а. анамыздың риуаяты бойынша: «Бір күні маған бір пақыр, кедей әйел екі қызы мен келіп, тамақтандыруын өтінді. Мен олардың әрбіріне бір құрмадан бердім. Әйел өзіне тиесілі құрманы аузына сала бергенде балалары құрма берші деді. Құрманы жеместен екіге бөліп қыздарына берді. Бұл жәйт мені елең еттіріп, мен оны пайғамбарға с.а.с. айттым. Сонда Аллаһтың Елшісі с.а.с.: «Шын мәнінде, сол әйелдің істеген жақсы ісі үшін Аллаһ оны жәннатқа кіргізіп, тозақ отынан аман сақтайды»,-деді. (Айша р.а. анамыздан Муслим риуаят еткен).

6.     «Жер бетінде жақсы, ізгі амал істегендер іүшін жәннатқа кірген әйелдер, хор қыздарынан да сұлу болады. (Хаббан ибн Хабладан ибн әл-Мубарак риуаят еткен).

7.     «Осы өмірде бір әйел күйеуіне зарар беретін болса, хор қыздарынан болған о леркектің жәннатғы әйелі: «оны ренжітіп, мұңайтпа, жазаңды Аллаһ берсін. Ол тек қана сенің қонағың, ең жақын арада сенен айырылып, бізге (яғни, хор қыздарына) оралады»,-дейді екен». (Муъаз ибн Жәбалдан Тирмизи риуаят еткен).

8.     «Салиқалы әйел, ізгі амал істемейтін мың еркектен хайырлы». (Хадисті Умар ибн әл-Хаттаб жеткізген).

9.     «Мына дүниенің жалғандығы – ол өткінші бір өмір ғана. Өткінші өмірдегі қолдануға берілген жақсылық – ол салиқалы, жақсы әйел». (Абдуллаһ ибн Амрәл-Ъастан Муслим риуаят еткен).

10.        «Менің үмметімнің ең жақсы әйелдері, күйеулеріне сәлемі түзу (яғни, бойсұнушы) және қанағатшылдары». (Айша р.а. анамыздан ибн Ғади риуаят еткен).

11.        «Сендердің ең жақсы әйелдерің, дүниеге бала әкеліп, қамқоршы болғандары. Алла қанық сеніммен иман келтіргендері. Ал ең жаман әйелдерің, жартылай жалаңаш киініп, мен мендігі асып тұрғандар. Екіжүзді, бетпақ әйелдер ешуақытта жәннатқа кірмейді. Салиқалы, ізгі әйелдер ақ қарға секілді өте аз болады».

12.        «Бір күні, бір адам Аллаың Елшісіне с.а.с. келіп, былай деп сұрады: «Уа, Аллаың Елшісі с.а.с., адамдардың ішінде жақсы қарым-қатынас қылуға, жақсы сөз айтуға лайықтырағы кім?» Ол кісі: «Анаң» деді, одан кейін деп сұрағанда, «Анаң» деп жауап берді, ал одан кейін ше деп сұрағанда, тағы да «Анаң» деп жауап берді. Одан кейін кім деп тағы да сұрағанда, Пайғамбар с.а.с «Әкең» деп жауап берді». (Абу Хурайрадан Бухари және Муслим риуаят еткен).

13.        «Ибн Умардың айтуынша, бірнеше шайқастарда Алла Елшісі с.а.с. әйелдер мен жас балалардың мәйіттерін көреді. Осыдан кейін пайғамбар с.а.с. әйелдер мен балаларға қылыш көтеруге қатты тыйым салды». (Байхақи риуаят еткен).

14.        «Әйелдердің еркектерден артықшылығы Алла оларды сезімтал етіп жаратқан. (Еркектерге қарағанда 99 есе сезімтал келеді). Дегенмен Алла оларды ұялшақ қылап жаратқан». (Абу Хурайрадан Байхақи риуаят еткен).

Қазақ халқы ежелден әйелді құрметтеп, әйелдің құқығын төмендетпей белгілі бір жүйеде ұстайтын. Исламды дінім деп білген өтпелі қазақ дәуірінде ақ жаулықты аналарымыз бен әпке-қарындастарымыздың орны бір төбе еді. Олар ибалы, әке тәрбиесін көрген, ұзын етекті көйлек киіп, басына ақ жаулығын байлаған сол заманның абзал әйелдері еді. Тар заманның таршылығы қысқан, қысыл-таяң уақытта Кеңес дәуірінің ықпалы жүрген жылдары қазақ әйелдерінің діндарлығына нұқсан келе бастады. Аллаға шүкір дейміз. Егемен ел болып, еңсемізді көтергелі қыздарымыз орамалын тағып, имандылыққа бет бұруда. Алла баршамызға Ибалы қыз, иманды ұл тәрбиелеуді нәсіп етсін. Әмин.

Артық Жұмабекұлы

 

"Иманғали" орталық мешітінің найб имамы

Жоғарыға