Жат ағым елге төнеген қауіп.
Жат ағым елге төнеген қауіп.
Біз қазақ мұсылманбыз. Ертеректе ата- әжклеріміздің аузынан дәстүрімізбен шариғатымыз ұштасқан. Халық арасында қандай да бір дау-дамай туған кезде үлкендеріміздің сөзіне тоқтап, ақсақалдарымыздан аттап ешқайда кетпейтін халықпыз. Мұның барлығы қазақи тәлім-тәрбиеміз бен мұсылманшылығымыздың бір белгісі. Біз сонау орыстардың қол астында болып, олардың ақ дінімізді жоюға қанша күш жұмсаса да ата бабаларымыз өзіміздің дініміз бен дәстүрімізді берік ұстанып, Аллаға ғана құлшылық етіп келе жатқан бабалардың ұрпағымыз. Біз алған тәлім-тәрбиеміз Қасиетті Құран кітабымыз бен Пайғамбарымыз Мұхаммедтың (с.ғ.с) хадис шарифтерінен алынған. Қазақта үлкенге құрмет, кішіге ізет, ата-ананы сыйлау, құрметтеу - бұлардын барлығы шариғатымыздан. Пайғамбарымыз (с.ғ.с ) хадисінде былай деген: " Алланың разылығы ата-ананың разылығында, Алланың ашуы ата-ананың ашуында", " Жұмақ - аналардың табанының астында" , -деген. Өкінішке орай, қазіргі таңда елімізде теріс бағыттағы жат ағымдар, атап айтқанда, сәләфилік, уахабилік, Хизбут Тахрир, такфирилік ( күпірге айыптаушы) т.б. Жамағаттар халықтың санасын улап, ата-бабамыздың ұстанып келген Абу ханифа мәзхабын адасқанға санап, салт-дәстүрлерді жоққа шығарып, ұстануға болмайды деп, ата-ананы сыйламауға, оларды күпірлікке айыптап, өздерінің көздеген мақсаттарына елдің болашағы жастарымызды үгіттеп, қол шоқпарына айналдыруда. Бұл - еліміздің бейбітшілігіне төнген қауіп.
Тәуелсіз Егеменді еліміздің бірлігіне қол сұққан жат ағымдардың теріс саясатынан сақтану жолдары - бейресми діни білім беру орындарына көңіл бөлу, және бастауыш, орта және жоғарғы оқу орындарында діни негіздердің түп-нұсқасы н дұрыс түсіндіру, дін қағидаларын білікті, білімді дін мамандары арқылы жеткізу, халықтың діни сауатын ашатын оқу орындарын көбейту, елімізде тез тарайтын ақпараттардың бірі - әлеуметтік желілерді бақылауға алу. Бұл шараға тек қана дін қызметкері ғана емес, еліміздің әрбір азаматы ат салысуы қажет. Сонда ғана бейбіт еліміздің тыныштығы сақталып, қазақ даласы өркениетті, бірлігі берік, шаңырағы биік Ел болады.