Мешітке киім кию әдебі.
Бір хадис шәрифте былай деген: «Намаз оқитын кезде ең жақсы киімдеріңді киіңдер. Аллаhuта Алла әшекейленуге, сәнденденуге бәрінен де лайықты..»(Бәйhақи). Намазды жұмыс киімімен, үлкен адамдардың алдына шыға алмайтын киім және жаман иісті шұлықпен оқу мәкрух болып табылады. Басқа киімі жоқ болса мәкрух болмайды. Құран кәрімде «Барлық намазды оқитын кезде сәнді киімдеріңді киіңдер» делінген (Араф 31).
Үйінізде таза және кең пижамамен немесе түнгі киіммен намаз оқу макрух емес. Бірақ мешітке пижамамен келу дұрыс емес. Киімінізде сурет немесе жазу ашық көрініп тұрған болса, намаз мәкрух болады. Тар, тырысқан шалбармен жүру еркектерге де жаиз емес. Қопал әурет жерлері тырысқан, тар шалбармен намаз оқу мәкрух, мұндай тырысқан шалбар кию адамдардың алдында кию керек болған дін өмір еткен киім үлгісіне сай болмайды. Киіміңізді ұқыпты сақтаңыздар, бірақ намазды да жаныңыздай қарауыңыз керек. Ханафи мазhабының үкіміндей, Шафии мазhабында да жанды нәрсенің суреті бар болған киіммен намаз оқу мәкріх болып табылады. Жанды нәрсенің суреті намаз оқитын бөлменің қай жерінде болса да, көңілді мазаламайтын болса, Шафииде намазды мәкрух қылмайды. Балақтар өте ұзын болса, аяқтың үстіне дейін түрудің зияны жоқ. Балақтарды көп тұрып, балдырлар көрінетін болса мәкрух болады.
Мешітке барар алдында, намаз оқу барысында киім әдебін сақтаңыздар.
Дайындаған: «Иманғали орталық» мешітінің азаншысы: Урумбаев А. А