Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Мұсылманның бес сипаты

Мұсылманның бес сипаты

 

Барлық мақтау, он сегіз мың ғаламды асқан шеберлікпен, өте муқияттылықпен жаратқан Аллаға тән.

Алланың сәлемі мен жақсылығы, екі дүние султаны көзіміздің нуры, басымыздың алтын тәжі, Мухаммед Мустафаға (с.ғ.с) арналады. Алла Табарака уа Тағала Зарият сүресінің 56-шы аятында: «Мен адамдар мен жындарды тек қана маған қулшылық етсін деп жараттым» десе, Қиямет сүресінің 36-шы аятында«Адам баласы өз-өзін жайдан-жай (жер бетіне) жіберіле салдым деп ойлай ма?», деп жүмыр басты пенденің бул дүниеге тектен-тек келмегендігін, Алланың бірлігін, пайғамбардың хақтығын мойындап, жаратушысына қүлшылық ету үшін келгендін баяндайды.

Жаратушысының әміріне бойусынып, қулшылығын қулшыныспен жасап, иманның алты шартына сеніп, исламның бес шартын мойындаған пендені «мүмин», «мусылман» дейміз. Ендеше мусылман қандай болу керек? Мусылманның сипаттары қандай? Міне осы сынды сурақтарға жауап беру үшін, қолға қалам алып, «мусылманның бес сипаты» деген тақырыппен макала жазуды жөн көрдім. Ескерту, еске салу қулдан, хидаят, тауфиқ Алладан... .

 

Алла Тағала «Мүминун» сүресінде былай буйырады:

 

 

 

«Расында мүминдер бақытқа жетті.

Олар - намаздарын хушумен[ 1 ] оқитындар.

Олар - бос, пайдасыз нәрселерден аулақ жүретіндер.

Олар - зекеттерін өтейтіндер.

Олар - уят жерлерін сақтайтындар... .

Олар - өз аманаттарына, уәделеріне берік болғандар».[2]

 

1-)«Олар - намаздарын хушумен оқитындар».

Шынайы мусылман намазын хушумен оқиды. Хушу дегеніміз, намазда

қимыл, қозғалыссыз, жанарын темен түсіріп, өз дәрменсіздігін мойындап,

аса қурметпен, басқа нәрсені ойламай тек қана Алланы ойлау.

Кейбір ғалымдар, «хушу» сөзін қррқыныш, сақтық сияқты жүрекпен

жасалатын амал десе, кейбіреулері, қимылдамау, жан-жаққа бурылмау

деген мағынадағы дене мүшелерімен жасалатын амал деп көрсеткен. Ең

дурысы, «хушудың» негізі жүректе орналасып, денеде көрініс табады,

деп айту.

Жүрекке тиесілі жағы: ¥лы Алланың алдында өз дәрменсіздігін мойындап, аса ізетпен, басқа ойлардын бойын аулақ устап, жүрекің өте терең тағзым сезіміне бөленуі.

Денеге тиөсілі жағы:Осы сезімнің нәтижесінде денеде тыныштықтың пайда болуы, көз жанары сәжде жасалатын орынға қарап, жан-жаққа бурылмауы.[3]


Намаз - діннің тірегі, мүсылманның миғражы. Адамды жамандық атаулыдан алыстататын, мусылман мен кәпірдің арасын ажырататын, Исламның бес шарты өзінде жинақталған ғибадат.

Адам баласы намаз оқығанда Исламның бес шартының бесеуін де орындағандай сезімге бөленеді. Бірінші шарты «Кәлимә Шәһәдәтты» «әт-таһиятта» отырғанда оқыса, екінші шарты намазды, сол сәтте орындау үстінде болады. Ішіп-жеуден тиылу арқылы, үшінші шартын орындаса, руку, сәжде жасап, денесінің зекетін береді де төртінші шартын орындағандай болады. Ал көз алдына Қағба Муаззаманы елестету арқылы, қажылыққа барғандай эсер алады. Бір шәкірт, намаз оқығанда әр түрлі ойлардың өзін мазалайтындығын айтып, үстазына шағымданады. Сонда үстазы: «Намазға түрғаныңда Қағба Муаззаманың алдында түрмын деп ойла. Өзім қыл көпірдің үстінде түрмын. Оң жағымда жүмақ, сол жағымда тозақ бар деп елестет. Артымда жан алатын Әзірейіл (ғ.с.) перішете түр. Бүл менің соңғы намазым, деп есепте», деп кеңес береді.

Пайғамбарымыздың «Намаз - мүсылманның миғражы», деген сөзін Имам Раббани (к.с.) Мәктубат атты кітабында былай ашықтайды: «Намаздың ақиқатына жеткен адам, намазға түрғанда қудды мына әлемнен шығып, ахирет әлеміне өткендей күй кешеді. Еш күмәнсіз, дәл сол уақытта, оло дүниеге тән нығметерден өз нәсібін алады».

 

Әбу Хурайрадан (p.а.) жеткен бір хади шәрифте: «Қүлдың Аллаға ең жақын болатын уақыты, ол сәждеде»[4],деп айтылады. Осы орайда намазды жамағатпен оқудың артықшылықтарын да айта кетейік. Жамағатпен оқылған намаз, жалғыз оқылған намаздан 27 есе артық екендігі хадис шәрифтерде баяндалған. Ең жақсысы намазды жамағатпен оқу. Егер жамағатпен оқу мүмкіншілігі болмаса, жалғыз өзі оқыған кезде де има.ідыққа ниет етсе, ол адам жамағатпен оқығандай сауап алады.

Пайғамбарымыз (с.а.у) былай бүйырады:

 

 

«Адам баласы қандайда бір жерде жалғыз намаз оқитын болса, оның артында екі періште түрады. Егер ол азан шақырып, қамат түсіріп намазын оқыса, екі үшына көз жетпейтіндей көп періште онымен бірге намаз оқиды. Бірге рукуға барып, бірге сәждеге барып, дүғасына әмин

дейді»[5].

 

2-) «Oлap - бос, пайдасыз нәрселерден аулақ жүретіндер».

Әбу Хурайрадан риуаят етілген бір хадис шәрифте: «Қулдың (дүние мен ақыретіне) пайдасыз, бос нәрселерді тастауы, Исламның көркемдігінен»[6], деп айтылады. Тағы бір хадис шәрифте былай делінген: «Алла Тггаланың қүлына назарын салмай, одан теріс айналғанының белгісі - қүлдың бос нәрселермен айналыса бастауы»[7].


Әйгілі ақида ғалымы Имам Тафтазанидың балалық шағынан алынған мына бір әңгіме шынымен ой саларлық:

«Шәзарату Зәһәб» кітабында былай деп айтылады: Садуддин (Имам Тафтазанидің өз аты) дәріске жаңа бастап жүрген кезінде қабілеті өте нашар еді. ¥стазы Адудтың дәріс алқасындағы сабағы ең нашар шәкірт сол болатын. Тіпті үстазы ең ақымақ адам туралы айтқан кезде оны мысал кетінде келтіретін. Осыған қарамастан ол өте еңбекқор, әрі тырысшаң болатын. Бір күні Садуддин оңаша қалғанда, оған бейтаныс кісі жақындап:

-  Жүр, Садуддин! Серуендеп қайтайық, - дейді. Ол:

-  Мен серуендеу үшін жаратылған жоқпын. Қанша қайталасам да, еш нәрсе түсінбеймін. Қалайша серуенге шықпақпын? - дейді.

Әлгі кісі кетіп қалады да сәлден соң қайта келеді де тағы шақырады. Садуддин:

-  Мен сеннен өткен ақымақ адамды көрмедім. Саган айттым ғой, мен серуендеу үшін жаратылған жоқпын деп, - дейді. Ол:

-  СенІ Пайғамбарымыз (с.ғ.с) шақырды. Садуддин қатты қобалжып

кетті. Жалма-жан аяқ киімін де киместен, жалаң аяқ әлгі кісінің артынан жүгіре жөнелді. Олар саялы ағаштың көлеңкесінде сахабаларымен бірге түрған Алла Расулына жақындады. Пайғамбарымыз күлімсіреп:

-  Мен сені екі рет шақырттым ғой, неге келмедің? - деді. Ол:

-  Уа Расулуллаһ! Сіздің шақыртқаныңызды білмедім. Оның үстіне өзіңіз де білесіз, менің түсіну және жаттау қабілетімнің нашар екенін. Маған көмектесіңізші... . Пайғамбарымыз (с.ғ.с):

-  Аузызды аша ғой, балақай, - деп мубарак түкірігін оның аузына салып, оған дүға етті. Зейінінің ашылғандығын сүйіншілеп, кері қайтарды. Осы оқиғадан кейін, оның білімі артып, жүзі нүрланып кетті.

Ертеңінде ұстазы Адудтың дәрісіне кірді де, өз орнына отыра сала, бір нәрселер айта бастады. Достары оның айтқандарына мән бермеді. Бірақ Садуддиннің айтып жатқандарын естіген үстазы, көзіне жас алып: Айта бер, уа Садуддин! Біз сені тыңдаймыз.Сен бүгін, кешегі күннен мүлдем басқасың, - деп өз орынын шәкіртіне босатып береді. Сол күннен бастап Садуддиннің атағы жан-жаққа тарала бастады[8].

Иә, шынымен де адам баласы өзіне берілген шектеулі уақытты тиімді игере алмай, кейде бос, пайдасыз нәрселермен өткізеді. Имам Шафиғи (р.а.) былай деген екен:

«Уақыт қылыш сияқты, сен оны кеспесең, ол сені кеседі». Тағы бір сөзінде: «Егер өз нәпсіңді хақпен, жақсылықпен шүғылдандырмасаң, нәпсің сені жалған, бос нәрселермен шүғылдандырып қояды»

 

3-) «Олар - зекеттерін өтейтіндер».

Зекет - бес парыздың бірі. Зекет сөздікте тазалау, тазалық деген мағыналарды білдіреді. Зекет беру арқылы пенде өз мал-мүлкін тазалайды да, ішкені, жегені, қолданғаны адал болады. Садақаны жасырын беру сауан болса, ал зекетті ашық, айтып берген дүрыс болады. Себебі зекетін бере алмай жүргендерге үлгі болады. Тіпті Ислмада оған мынандай шара бар: Бір кісі зекетін берерде, зекетін бере


алмай, сараңдық танытып жүрген адамның жанына барып: «Мынау менің зекетім, мүны пәленше жерге бере салыңызшы. Менің уақытым болмай жүр», десе, әлгі адам да ойланып қалады. Сөйтіп оның зекетін беруіне себепші болады.

 

4-)«Олар- ұят жерлерін сақтайтындар».

Ия, зина- ауыр күнә. Алла Тағала Қүран Кәрімде зина жасамаңдар, демейді. «Зинаға жақындамаңдар»[9] дейді. Демек, осы жаман іске итермелейтін көз, қүлақ, қол сынды дене мүшелерімізге ие болуымызды жаратушымыз әмір етуде. Пайғамбарымыз (с.ғ.с):

 

«Көз де зина жасайды, жүрек те зина жасайды. Көз зинасы - қарау.

Жүрек зинасы - ойлау»[10], дейді. Мәшһур Жүсіп бабамыз:

«Нәпсіңді атқа мінгізбей, жаяу ғып бақ,

Мініп кетсе желітпей, жорытпай бақ.

Өзін-өзі бағуға көп әл керек

Көз артынан көңілді епгізбей бақ», - дейді.

 

5-)  «Олар - өз аманаттарына, уәделеріне берік болғандар».

 

 Пайғамбарымыз (с.ғ.с) былай дейді:

«Мүнафықтың үш белгісі бар: өтірік айтады, уәдесінде түрмайды және оған (бір сөз немесе зат) сеніп тапсырылса, (сырды жариялап немесе затты бүлдіріп) қиянат жасайды»[11].

«Ат тізгінінен, ер сөзінен үсталады», дейді дана халқымыз. Сөзінде түрмаудың күнә екенін аят, хадистерден білдік. Тіпті Имам Нәуауи, сөзінде түрмаудың үкімін харам деп белгілеген болатын[12]. Бүл жайында пайғамбар өмірінен бір тамаша мысал айта кетейік: Пайғамбарымыз (с.ғ.с) Абдулла Бин Әби Хамса деген кісіден қарызға зат алады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) қарызын төлеу үшін әлгі кісімен бір жерде кездесуге бел байлайды. Алла Расулі дәл уақытында келісілген жерге келеді. Бірақ Абдулланы таба алмайды. Үш күн бойы сол жерге қайта-қайта келіп, Абдулланы күтеді. Үшінші күні барып Абдулламен кездескен Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Әй, жас жігіт! Мен сені үш күннен бері осы жерде күтіп жүрмін», деп байыппен ғана уәжін айтқан екен.

Осы аяттардың астарына үңіле отырып, нағыз мүсылман болу оңай

шаруа емес екендігін үғамыз. Міржақып Дулатовтың мына бір өлең

шумағы да осыны айқындағандай:

Дегенмен «мен мүсылман», іс бітпейді,

Бүл күнде жүрттың көбі дін күтпейді.

Қазақша киім киіп, сөйлегенмен

Мойыныңнан фарыз, уәжіп бір түспейді.

Оңбассың бойда жүрсе бұл мінезің,

Теріс пе насихатым бүл, біл өзің.

«Әйтеуір ата-бабам мүсылман» деп,

Дүрмекті қоятүғын келді кезің[13].

 

Жоғарыға