Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Су ішудің сүннеттері!

Аса қамқор Ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймыз!

Су ішудің сүннеттері!

 

Мейірімді Раббымыз біз өмір сүретін ортамыздың 70% пайызын судан жаратқаны ақиқат. Оған дәлел ретінде Құрандағы Әнбия сүресінде «Жанды мақұлықтардың барлығын судан жараттық» деген аятты анық көреміз. Тіпті адам клеткаларының өзі 70% пайыздан аса судан тұрады. Қазіргі таңда медицина ғылымы күніне 2 немесе 2,5 литр су ішуді ұсынады.  Олай болатын болса су ішудің адам өмірінде алар орны ерекше. Бірақ асыра су ішуде адамға үлкен қауір әкеледі сонымен қоса тұра, үре су ішуде денсаулықтың бұзылуына себепші. Сондықтан су ішуде  қойылар талаптар мен нормаларды сақтаған абзал.  Асыл дінімізде де су ішуге қойылар өзіндік ережелер бар. Өйткені Пайғамбарымыздың Мұхаммед «с.ғ.с» сүннетін бұлжытпай ұстану мұсылманның мызғымас бағыттаушысы. Ендеше ислам дініндегі Пайғамбар сүннетіндегі су ішу үлгісімен таныс болайық.

Пайғамбарымыз «с.ғ.м»  сүтті, салқын әрі тәтті суды жақсы көрген. Кейде судың дәмін келтіру  үшін кешкісін су ішіне бал немесе құрма жемістерін салып қоятын болған.

Сүннеттері:

1.                Алдымен «Бисмилләһир Рахманир Рахим» деп бастау.

Әр бір істі «бисмилләһ» пен бастаудың өзі бір ғибадатқа жатады. Ал бір ғибадат еселенер сауап.

2.                Суды бір ыдысқа құйып ішу.

3.                Суды оң қолымен ішу.

Пайғамбарымыз оң қолмен ас-су ішуді үмметіне сүннет етіп қалдыруында үлкен мән жатыр. Өйткені шайтан (Алланың лағнеті болсын) ас-суын сол қолымен ішеді.

4.                Суды үш бөлікке бөліп, асықпай, үш жұтыммен ішу.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) суды үш бөліп ішкенді құп көретін. Хадисте айтылғандай, әр реттің арасында тыныстап, демалып алатын. Бұл шөлді қандырып әрі  суді ағзаға мейлінше пайдалы ете түседі.

Бұған мына хадис дәлел:

Әнас бин Малик (р.а.) риуаят еткен хадисте: «Алла Елшісі (с.ғ.с.) суды үш рет демалып ішіп: Бұл – шөлді ең жақсы қандыратын, денсаулыққа ең пайдалысы және ең дәмдісі, – деуші еді», – делінген. Ал, суды бір деммен тоқтаусыз ішу асқазанды тітіркендіреді. Салдарынан асқазан мен бауырдың жұмыс реті бұзылады.

5.                Суды отырып ішу.

Суды тұрып ішу адам ағзасына қауіпті екені ендігі кейінгі ғасырларда ғана дәлелденіп жатыр. Ал сүйікті Пайғамбарымыз «с.ғ.м» 14 ғасыр бұрын бұл тұрғыда үмметіне үлгі болып кеткен еді. «Суды түрегеп тұрып ішпеңдер, денсаулыққа зиян. Тек дәреттен артылған су және зәмзәм шәриф түрегеп тұрып ішіледі.» (Әййухәл уәләд илмихалы)

Пайғамбарымыздың (с.а.у), суды тұрып ішкендігі жайлы да хадистер кездеседі. Алайда, суды тұрған күйі ішуі бұл әрекеттің рұқсат екендігін көрсетсе, ал одан тыйғаны отырып ішудің абзал екенін білдіреді. Сондықтан, мүмкін болса отырып су ішкенді дағдыға айналдырған дұрыс.

 

6.                Ішіп жатқан суыңа қарап дем алмау. Бұл әдепсіздікке де  жатады. Сонымен қоса Пайғамбарымыз с.ғ.м  ас-суға қарап үрлемеуді бұйырады. Өйткені ол астың берекесін қашырады делінген, су немесе тамақ қанша ыссы болса да суғанын күткен абзал. Медицинада ыссы сұйықтық пен ыссы ас ішу өте зиянды екені дәлелденген. Олай болса Пайғамбар сүннетінің өзі аса зор медицина болып табылады.

7.                Су ішіп болған соң Аллаға хамд шүкірлік айту.  Пайғамбарымыз (с.а.у) мына дұғаны оқыған:

"الْحَمْدُ لِلَّهِ الَّذِي جَعَلَهُ عَذْبًا فُرَاتًا بِرَحْمَتِهِ ، وَلَمْ يَجْعَلْهُ ملحًا أُجَاجًا بذنوبنا".

Қазақ дәстүрінде де Пайғамбарымыздан (с.ғ.с)  қалған сүннеттерді өнеге еткен, «Су ішкен құдығыңа түкірме» деген мақал содан қалса керек.

 

Құраш Ырспаев

 

Индер ауданы, Жарсуат ауылы, «Жарсуат ауылдық» мешітінің  молдасы 

Жоғарыға