Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Шыншылдық

«Әймүміндер! Алладанқорқыңдаржәнешыншылдарменбіргеболыңдар» (Тәубе, 119).

«Сөзжоқ, мұсылманерлержәнемұсылманәйелдер, мүмінерлержәнемүмінәйелдер, бойұсынушыерлержәнебойұсынушыәйелдер, шыншылерлержәнешыншыләйелдер, сабырлыерлержәнежәнесабырлыәйелдер, ықыластыерлержәнеықыластыәйелдер, садақаберушіерлержәнесадақаберушіәйелдер, оразаұстаушыерлержәнеоразаұстаушыәйелдер, ұяттыжерінқорғаушыерлержәнеәйелдер, Алланыкөпзікіретушіерлержәнеәйелдер; Аллабұларүшінжарылқаужәнеірісыйлықәзірледі» (Ахзап, 35).

Пайғамбарымыз (с.а.у) алыпкелгенжолдашыншылдықнегізіндасалынды. Солкездееңкүштіекіпатшалықтыңбірі - Римпатшалығы, патшасыГеракилболатын. Патшаның құлағына жаңа пайғамбар туралы хабар жетеді. Бір күні Меккеден саудагерлер келгенін есітіп, оларды сарайға шақыртады. Саудагерлер арасында Пайғамбарымызға (с.а.у.) ең жақын туыс болғанымен, ең үлкен дұшпан болып қастасып жүрген Әбу Суфян болатын. Геракил одан сұрамастан бұрын, өтірік айтып, жала жабатын болса, артыңдағылар айтсын, деген мақсатпен Әбу Суфянды алдынғы қатарға қойып, басқаларды оның артына қатар қойды. Қате жауап берсе өлтіреміз,-деп шешті. Сөйтіп: «Пайғамбарлыққа үміткер кісі нені талап етіп отыр?»,-деп сұрағанда, Әбу Суфян:
-Жалғыз Аллаға ғибадат жасау, Оған серік қоспау, ата-бабалар айтқан нәрселерден қалған теріс әдеттерді тастау, намаз оқу, шыншыл болу, тазалық, жақын туыстармен жақсы қарым-қатынас жасауды бұйырды,- деді. Бұл риуаят Пайғамбарымыздың (с.а.у.) шыншыл болғанын дұшпандардың өзі де мойындағанын білдіреді.

Жоғарыдағы аят Алладан қорқу және шыншыл адамдармен бірге болуға бұйырды. Құранда ата-баба, туған-туысқандармен емес, әрбір істе шыншыл адамдармен бірге болып, жақсы қарым-қатынаста болыңдар, деп бұйырды:

«Әй мүміндер! Әділдікте мықты тұрып, егер өздеріңнің, әке-шешелеріңнің және жақындарыңның зиянына болса да, Алла үшін айғақ болыңдар; бай немесе кедей болса да. Өйткені Алла, екеуіне де тым жақын (Олардың халін біледі). Ендеше әділдік істеуге нәпсіге ермеңдер. Егер тілдеріңді бұрып, шындықты бұрмаласаңдар, шәксіз Алла не істегендеріңді толық білуші» (Ниса, 135).
           Сахабалардын бірі ұзақ уақыт ауырып ауыруынан жазылып, қатты балық жегісі келеді. Оған балық дайындап әкелгендерінде Пайғамбарымыздың (с.а.у): «Кімде-кім өзі қатты қалаған нәрсесін бауырына берсе, тозақ отынан құтылады», деген хадистері есіне түсіп, балықты пәленшеге апарып берулерін бұйырады. Қасындағылар бұны сен жей бер, оған басқасын апарамыз десе, ол: «Қазірге дейін өзім қалаған нәрсені досыма ұсынып, тозақтан құтылуға мүмкіншілігім болмаған. Мүмкіншілік тұғанда маған кедергі болмаңдар», деген екен. Шынында да нәпсі қалаған нәрсені басқаға ұсыну мүмкіншілігі адам өмірінде бір рет ғана болуы мүмкін. Ал, мұндай мүмкіншілік туғанда нәпсін жеңіп тозақтан құтылу үшін пайдалану кез келген адамның қолынан келе бермейді.

Пайғамбарымыз (с.а.у): «Шыншылдық жақсылыққа жетелейді, ал жақсылық жаннатқа жетелейді. Шыншыл болу адамның өзіне байланысты. Алланың кітабында шыншылдар қатарынан орын алу үшін алдымен сөзінде, қарым-қатынасында, әрбір амалында шыншыл болуға әрекет жасайды. Өтірікші болу да бірте-бірте болады, тіпті Алланың кітабында өтірікшілер қатарынан орын алады. Өтірік жамандыққа жетелейді, ал жамандық тозаққа апарады».
Осы хадис бізге, айтқан әрбір сөзіміз, істеген әрбір ісіміз соңы тозаққа апаратын өтірікке кетіп қалудан сақталуымыз керектігін көрсетеді.

Пайғамбарымыздан (с.а.у.) бірнеше адам шейід болуымызды Алладан сұрап дұға етіңізші, деп сұрағандарында Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Егер бір кісі шейід болуды Алладан шын ниетімен сұрап төсегінде қайтыс болса да, шейід дәрежесін алады», деп айтқан екен.
Егер кімде-кім бір жерде сауап іс орындалғанын естігенде, шын жүрекпен өзі сол сауапқа қатыса алмағанына өкінсе, сол сауап алғандардың қатарында болады. Сондай-ақ, кімде-кім бір күнәлі іске бара алмағанына өкінетін болса, сол күнә оған да жазылады.

Пайғамбарымыз (с.а.у.) жан-дүние тыныштығының кілті - шындық деп көрсетті. Өміріне өтірік араласқан адамның көңілі, пікір-ойы ардайым әуое-сараңда дал болып жүретіндігі күмәнсіз.
Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Күмәнданған нәрсеңді таста, күмәнсізін ал. Себебі шындық - тыныштық, өтірік - уайым әкеледі», деп ескерткен.



 Теңел Айдарбекұлы

 

Қосшағыл ауыл мешіт имамы

Жоғарыға