Алғашқы Азан
Азан негізі араб сөзі. Араб тіліндегісөздiктерде «хабар беру», «бiлдiру» дегенмағыналардыбереді. Ал, шариғаттағымағынасы — парызнамаздардыңуақыттарынбiлдiретiн, арнайысөздердентұратынбiрхабарлаутүрі. Азаншақырушыкісіні араб тілінде «муәззин» дейді.
Алғашқыда намаз уақытын жамағатқа білдіру үшін тек «намазға, намазға» - деп айтылатын. Азан кейіннен Пайғамбарымызға сыйлық ретінде берілді.
Алла Расулі (с.а.с) халықты намазға қалай шақыру керектігі жайында сахабалармен ақылдасқан еді. Олардың кейбірі: «Намаз уақыты кірген кезде ту тігейік, мұсылмандар оны көрген кезде бір-біріне хабар берсін»,-деді. Бірақ ардақты Пайғамбарымыз бұл ұсынысты ұнатпады.
Кейбірі яхудилердің сырнайын тартуды ұсынып еді: «Бұл яхудилердің аспабы»,-деп оны да қабыл етпеді.
Намаз уақытында қоңырау соғуды ұсынған да болды. Бірақ Хазіреті Пайғамбарымыз: «Ол христиандардың ісі»,-деді.
Расулуллаһтың (с.а.с) дертімен дерттеніп, оның уайымына ортақ болған Абдуллаһ бин Зайд (р.а) ол жерден шығып кетті.Сосын ұйқылы-ояу кезінде оған Пайғамбарымыздың азаны сый ретінде берілді. Сөйтіп дереу ол Расулуллаһқа (с.а.с) барып:
«Ұйқылы-ояу кезінде маған біреу келіп азанның сөздерін үйретті»,-деді.
Хазіреті Омар (р.а) да дәл осындай түс көрген еді. Осыдан кейін Алла Расулі (с.а.с):
«Ей, Біләл! Орныңнан тұр. Абдуллаһ бин Зәйдтің айтқандарын қайталап айт»,-деді.
Біләл (р.а) Абдуллаһтың айтқандарын айнытпай қайталап азан айтты.
Осылайша азан уажіп үкімінде сүннет болып қалыптасты. Өйткені ол «Садық руйа» (шынайы түс) арқылы, Пайғамбардың сүннетімен әрі иләһи уахи бойынша бекітілді. Бұл жайында Құран Кәрімде:
«Оларды намазға шақырған сәттеріңде...»-деп келген. (Майда сүресі 58-аят)
Дегенмен азан Абдуллаһ бин Зәйдтің (р.а) шынайы түсінің әсері арқылы болғанымен, адамзаттың Асыл Тәжі Пайғамбарымыздың мақұлдауымен бекітілді. Содан кейін Алла Расулі азан арқылы халықты мешітке жамағат намазына шақыра бастады. Біләл Хабәшидің алғашқы азаны бүкіл Мәдинаға естіліп, азан дауысы көк аспанды жаңғыртты. Мүминдер қатты қуанып мешітке қарай жүгірді.
Халықты намазға шақыру үшін Пайғамбарымызға әр түрлі ұсыныстар айтылса да, ол бұлардың ешбірін қабыл етпей, тек осы азанды ғана разылығымен, шын жүрегімен қабыл етті.
Өйткені, азан және ондағы айтылған сөздер Алла, Пайғамбар сөздерінің терең ұғымын, ондағы құлшылық пен өмір түсінігі қысқа да нұсқа бір үлгіде баян етіп, араларын мықты сабақтастырған. Сондықтан Алла Расулі намазға шақыру үшін өте тамша жолды таңдады.
Азан турасында Хазіреті Пайғамбарымыз (с.а.с) былай деген:
«Азанды естіген кездеріңде азаншының айтқандарын сөзбе-сөз дәл солай қайталаңдар. Егер кімде-кім маған салауат айтатын болса, Алла Тағала да оған он есе мейірімін төгеді. Одан кейін мен үшін Уәсиләны (жәннаттағы орын) сұраңдар. Ол жәннатта Алланың құлдарының біріне нәсіп болатын мақам. Ол мақамға лайық болатынымды үміт етемін. Кімде-кім мен үшін Алладан Уәсиләні сұрайтын болса, ол кісіге шапағатым уәжіп болады».
Алла Расулі (с.а.с) тағы бір хадисінде азаншымен бірге азан сөздерін қайталаған кісінің жәннатқа кіретіндігін айтқан.
«Иманғали» орталық мешітінің найб имамы: Мұрат Мұстафаев