Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Өлімді еске алу

Адам баласы бұл дүниеге уақытша келген бір жаратылыс екені баршамызға мәлім. Бірақ адам өлімді көп еске алған сайын, дүниедегі бүкіл нәрсе жалған екенін жақсы біледі.  Оның жастық шағы, денсаулығы, дүниесі, мансабы, бала-шағасы Алланың берген аманаты екенін түсініп өмір сүреді.

         Алла Тағаланың алдына қайтатын күнді ойлаған пенде Алланың өзіне жүктеген міндеттерін орындай бастайды. Мысалы: оразасын, намазын ықыласпен оқиды. Парыз амалдары толық болған адам Алла Тағаланың мейірімінен үміт ете алады. Алланың жүктеген парыздарын орындамаған адам, Алланың алдында айтар уәжі де келтірер айғағы да болмайды. Иман келтірген адам тек ғана тілімен емес, ісімен амалымен растау керек.

         Алланың белгілеген мерзімі бітпей тұрып, адам баласы сауапты істерге ұмтылуы қажет. Солардың ішінде шамасы келгенше садақа беруі. Өйткені: Құранда "Сендердің біреулеріне өлім келіп, ол: уа раббым! жақын бір уақытқа шегере тұрсаң еді, сонда садақа беріп, салиқалылардан болар едім"деп айтпауларың үшін, біздің сендерге берген рызықтарымыздан жұмсаңдар деген (мунафиқун 10).  Осы аятқа қарайтын болсақ, өлімнің ойламаған жерден келіп калатынын көруге болады. Сол өлім келген кезде адам баласы осы өмірде Алланың берген уақыты қаншалықты маңызды екенін түсінеді. Алла Тағала баршамызға сауапты істерді көп жасауды, өміріміздің соңының қайырлы болуын нәсіп еткей.

 

 

«Құспан молла» мешітінің найб имамы      Ринат Жамелов

 

 

Жоғарыға