Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Білімнің артықшылығы

Алла тағаланың адамзатқа сыйлаған Хақілімініңқайнар көзі Құран мен хадистен бастау алады. Біздің жан-дүниемізде болып жаткан рухани мәселелерді түсіндіретін ғылым саласы дін деп аталады. Ал бұл ілімнің өзегі – Құран мен хадис сөзі. Алла тағала қасиетті Кұранда былай деп айтты: «Ей, біздердің раббымыз, олардың арасына өздерінен пайғамбар ендір, оларға сенің нұрлы аяттарыңды оқысын, сенің кітабынды және даналықты, сенің шексіз рухани ілімініңнің шарапатыңа ие болсын, дінсіздіктен, күнәдан сақтансын. Шындығында, сен данасың». Бұл яттың түсу себебі:    хз.Ибраһим ғ.с. мен Исмағил ғ.с. әкелі-балалы екеуі ұлык Аллаға дұға қылды. Біздің ұрпағымыздан сондай жамағатты жарат, олар сенің бұйрыктарыңды мойындасын, араларына пайғамбар ендір, кітапты, онын сырларын үйретсін.

Адам баласын күәнадан, қараңғылықтан жарыққа шығаратын екі дүниенің бакытын уысына түсіретін рухани ілім екені белгілі болды. Дүние есігін ашқан әр адам рухани ілім алуға міндетті. Міндетті дейтиніміз ілім үйрену – парыз. Хазіреті пайғамбарымыз (с.ғ.c) хадисінде: «Ілім талап ету әр мұсылман ерлер мен мұсылман әйелдерге – парыз».

Адам ұрпағы ілімді қай уакыттан бастап үйренеді? Алалықтан, жігіттіктен қартайып көрге кіргенше. Бұл турасында хз.Пайғамбарымыз с.ғ.с-нің мубарак хадисінде былай ашықтаған «Ілім талап ету ағаш бесіктен көр бесікке дейін» қазіргі уақытта Қазақстан Мұсылмандар Діни Басқармасы бас болып, хз. имам Матруди ақидасы мен Имам ағзам мәзһабының шеңберінде хақ дінімізді үйреніп білуге мүмкіндіктер жасап отыр. Хз.Сирин р.т.ғ-дан рауаят келтіре кетсек.Сирин р.т.г. айтты: Шындығында, бұл ілімнен мақсат дін ілімі, яғни рухани ілім. Сендер назар салындар, ойланындар, діні ілімдеріңді сендер кімнен үйреніп тұрсындар?» Бұл хадис Имам Мүслимде риуаят етілген. Діни ілімді көлденен көк аттыдан емес, мешіттер мен медреселерден КМДБ-ның мақұлдауымен үйренген жөн. Енді ілімнің шарапатының баяны туралы ғылымның шаһары болған пайғамбарымыздың (с.ғ.с) хадисін баяндасақ. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) «Мен – ғылымның қаласымын, хз. Әли р.т.ғ. – оның қақпасы. Содан бұл хадисті естіген дінге карсы болушылар хз.Әли р.т.ғ-ға көре алмастық қылды. Қарсы болушылардың үлкендерінен он бір адам жиналды. Олар айтты: – Біздер сол Әлиден бір мәселе туралы сұраймыз. Қалай жауап берер екен біздерге. Егер біздердің әрбірімізге жеке-жеке жауап берсе, сонда біз оны шынында да ілімді ғалым деп білеміз. Хз.пайғамбар (с.ғ.с) айтқандай олардың біреуі келді де айтты:

– Ей, Әли Алланың рахметі болсын саған. Ілім артықпа,мал артық па? Содан хз. Әли айтты:

       Ілім артық.

       Қызғаныш қылушы айтты: – Қандай дәлелмен?

Хз.Әли айтты: Ілім – пайғамбарлардың мирасы, мал –Карунның, Хаманның, Ферғаунның, Шаддаттың мирасы. Біріншісі – осы жауапты алды да кетті. Енді екіншісі келді. Ол әуелгі адамдай «Ілім артық па, мал артық па? – деп сұрады. Содан хз. Әли р.т.ғ. жауап берді. Ол адам айтты: – Қандай дәлел буған?  Хз.Әли айтты: – Ілім сені қорғайды, сен малды  қорғайсың. Олардың үшіншісі келіп, бірінші адам екінші адам сұрағандай сұрақ қойды. Хз. Әли р.т.ғ.әуелгі  екеуіне жауап бергендей жауап берді. Ол адам бұған қандай дәлел бар, – деді? Хз.Әли айтты: – Шындығында, ұлық Алла ілімді бермейді, егер берсе, тек жақсы көрген адамына береді. Ұлық Алла малды жаксы көргеніне де және жаман көргеніне де береді. Олардың төртіншісі келді. Ол адам әуелгілердей: – Ілім артық па, мал артық па? – деп сұрақ қойды. Әли р.т.г. жауап берді әуелгілерге бергендей. Ол адам айтты: Қандай дәлел бар бұған? Хз. Әли р.т.г. айтты: – Шындықта мал кеміді берумен, қаражат қылумен. Ілім берумен, қаражат кылумен кемімейді. Содан кетті осы жауапты алып. Олардың бесіншісі келді. Әуелгілердей: – Ілім артық па, мал артық па? – деп сұрады. Бұл да сол сұрақты сұрады. Ол адам қандай дәлел бар? – деді. Хз Әли  айтты: – Мал иесін қызғаншақ өте төмен, надан деп атайды. Ілім иесін жаман атпен атамайды, тек жомарт, құрметті ұлық, – деп атайды. Осы жауаппен бұл адамда кетті. Олардың алтыншысы келді. Бұл адамда сол сұрақты сұрады. Әли жауап берді, әуелгілерге жауап бергендей. Ол адам айтты қандай дәлел бар бұған? Хз. Әли айтты: – Мал иесінен өте қатты есеп алынады қиямет күнінде. Ол адамның әр бір теңгесінен сұрайды, бұл малды қайдан таптың, қай мақсатқа жұмсадың? – деп. Ілім иелері қиямет күнінде басқаларға шапағат қылып, азаптан құтқарады. – Бұл да кетті осы жауаппен. Олардың жетіншісі келді. Бұл да сол сұракты сұрады: Әли оған жауап берді әуелгілерге бергендей. Ол адам қандай дәлел бар деп сұрады? Хз.Әли р.т.г. айтты: – Мал иесі өле қойса оның аты да айтылмай өшеді. Ғалым, яғни ілім иесі өлсе оның аты қияметке дейін өшпейді, еске алынып отырады. Олардын сегізіншисі келді. Бұл да сол сұрақты сұрады. Әли р.т.г. жауап берді әуелгілерге бергендей. Ол адам айтты қандай дәлел бар бұған?  Хз. Әли айтты: – Мал иелерінде жау көп болады. Ілім иелерінің досы көп болады. Содан кетті ол адам. Тоғызыншы адам келді. Бұл да сол сұрақты сұрады. Әли р.т.г. жауап берді әуелгілерге жауап бергендей. Ол адам қандай дәлел бар деді? Хз.Әли р.т.г. айтты: – Көп уақыт тұрып қалса, мал бұзылып, шіриді. Заманның, уақыттың көп өтуімен ілім бұзылмайды да шірімейді. Оныншы адам да келді. Бұл адам да сол сұрақты сұрады. Хз. Әли р.т.г. жауап берді әуелгілерге жауап бергендей. Ол адам қандай дәлел бар деп сұрады? Хз.Али р.т.г. айтты: Мал иесінің жүрегін қарайтып, қатайтады. Ал, ілім иесинің жүрегін нұрландырады. Он біріншісі келді бұлардың. Ол да сол сұрақты сұрады. Хз. Әли р.т.г. жауап берді әуелгілерге жауап бергендей. Ол адам қандай дәлел бар деп сұрады? Хз.Әли р.т.г. айтты: – Мал иесі Құдаймын деп айтады, сол малдың көп болған себебінен семіріп айтады. Ал, ілім иесі Құдаймын деп айтпайды керсінше құлмын, – дейді.

Бұл сұрақтардан сон хз. Әли р.т.г. айтты: – Егер бұлар менен сұрақ сұрағанда осы жауаптардан, әрине беретін едім, мен бұларға жеке-жеке тіпті өмірімнің соңына дейін. Содан ол сұрақ қоюшы он бір адам келіп, мұсылман болды.

Жоғарыдағы хадистен білгеніміздей қазіргі танда ілімнің шарапатын көріп, жұдырықтай жүрегімізді нұрландырамыз десек, бізге өте терең рухани ілім  қажет. Бұл мәселені Алла тағала біздерге баян қылды: Бақара сүресінің 194-аятында былай дейді «Момындар ислам дінін түсиндіру үшин үстем болатын терең рухани ілім-біліммен дайындық қылыңдар.

 

Е.М.Оташбаев.,

Доссор мұсылмандар мешітінің имамы

Жоғарыға