Мұсылманның мінезі қандай болуы керек?
Ислам – көркем мінез бен әдепке негізделген дін. Мәселен дініміздегі қайсы бір амалды алсақ та жақсылық пен тазалыққа үндейді. Бұл әдептіліктің белгісі емеспе. Көркем мінезбен әдептіліктің бірден бір үлгісі ол Пайғамбарымыз (с.а.с). Мысалы Алла Тағала қасиетті Құран Кәрімде: «Сен әлбетте ұлы мінезге иесің»-деген. Жекелеген аятта түсірген. (Қалам сүресі 4-аят) Алла елшісі (с.а.с) өзінің бір хадис шәрифінде: «Шындығында мен көркем мінеді кемеліне жеткізу, толықтыру жіберілдім»-деген екен. Міне осы аят хадистен түсінетініміз көркем мінезділік пен әдепті үйрену керек болған адам ол әлбетте Алланың сүйіктісі (с.а.с), екі дүние сардары Мұхаммед Мұстафа (с.а.с) екені бәрімізге мәлім. Кімде кім осыны ұғып үйренсе әр-бір мұсылман көркем мінездің мәнін түсінер еді. Қазақ атамыз айтқандай: «Әдептілік арлылық, әдепсіздік сорлылық», «Әдеп адамның киімі тәрізді, әдепсіз адам жалаңашқа ұқсайды»-деген қанатты сөздер қалдырған. Мінезі көркем кісіні бүкіл адам жақсы көріп сыйлайтын болады. Көркем мінез мұсылманның қалқаны. Қазіргі уақытта намаз оқитын, Алланың бұйрығын орындап жүрген адамға шошына қарап жүрген уақытта біздер сол көркем мінезіміз бен әдебіміз арқылы бұл қоғамның ойын өзгертуіміз керек. Біздер өз мінезімізбен ислами әдебімізбен дінімізді насихаттай білуіміз керек. Әдептілік әр-бір адамға қажет қасиет, әрі ол мәдениеттің белгісі. Бұрынғы ата-бабаларымызда әдеп жайында: «Әдепті бала алысқа қарайды»-деген мақалда қалдырған. Яғни адам әдебімен сыйлы болады. Және Алла Тағала Құран Кәрімде: «Сендерге Аллаға және ақырет күніне үміт ететіндер, әрі Алланы көп еске алатындарға, Алланың елшісінде көркем үлгі-өнеге бар»-деп (Ахзаб сүресі 21 аят) біздерге Пайғамбарымызға (с.а.с) еріп істегені мен бұйырғанын істеуге кез-келген жағдайда болатынын білдірген.
Бірде Айша (р.а) анамыздан: «Алла елшісінің мінез құлқы қандай еді»-деп сұрағанда, ол кісіге «Сіздер құран оқымайсыздар ма?»-деді. Олар оқимыз дегенде, Айша анамыз (р.а): «Алла расулінің мінезі Құран еді»-деп жауап берді. Демек Пайғамбарымыз (с.а.с) әдептің ең шыңынан орын алған жан. Абай атамыз айтқандай:
Болмасаң да ұқсап бақ,
Бір ғалымды білсеңіз.
Ондай болу қайда деп,
Айтпа ғылым сүйсеңіз дегендей, біз ол нәрсеге шамамыз келмейді деп бас тарта бермей, әрекет етіп, көркем мінезді үйреніп ислам дініміздің кемелдігін көрсете білейік. Алла елшісінің (с.а.с) тағы бір хадисінде: «Қиямет күні момын мұсылманның таразысында коркем мінез құлықтан ауыр еш нәрсе болмайды»-деген. Сондықтанда қиямет күні амал таразымыздың ауыр болуына әрекет жасайық.
Ұлбала Есекеева,
«Әйіп қажы» мешітінің ұстазы