Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Дүниенің жаратылуы

Адамзат баласы дүниеге шыр етіп жарық әлемге келеді. Өсе келе білсем көрсем деген ішкі толғаныстарына жауап іздейді. Ішкі жан дүниесін мазалап жүрген сауалдарының бірі дүниенің жаратылуынан бастау алады. Ал дүниенің жаратылуы жайында Асыл дінімізде не дейді соған жауапты аяттар мен ғалымдардың айтқан сөздерімен келтіріп өткенді жөн көріп отырмыз.  Қасиетті Құран Кәрімдегі  Фуссилат сүресінің  9-11 аяттарында былайша:

«Мухаммад! Сен оларға былай де: «Жерді екі күнде жаратқан Ұлы Аллаһқа қарсы болып, Оған серік қосасыңдар. Ол бүкіл әлемнің Иесі емес пе? Оның үстіне асқар тауларды қойып, оны тіршілікке жарамды қылды. Оны сұраушылар болса төрт күнде жер үстінің рызық-несібесін белгіледі. Сосын мұнартқан түтінді аспанға құдіретін салып, аспан мен жерге: «Өз еріктеріңмен немесе мәжбүр болса да келіңдер!» - деді. Сонда олар: «Біз бағынып келдік!» - деген аятты кездестіруімізге болады.

Сондай-ақ ғылыми тұрғыда дәлелдеп шыққан көптеген ғалымдардың бұрын соңды кездеспеген ғылыми еңбек деректерінен немесе айтып кеткен ой- пайымдарынан аңғаруымызға да болады. Бұған мысал ретінде астроном ғалым Сэр Джеймс Жинстің сөзін келтіре кетсек.  Сэр Джеймс Жинстың пайымдауынша «дүние жаратылуынан алдын оның құрамы газдан тұрған және сол газдардың өзара бірігуінің нәтижесінде әлем пайда болған» деген пікірін білдіреді.

Ал енді Құран Кәрімде дүниенің жаратылуы түтіннен пайда болған делінеді.Сол кездегі арабтарға да бұл сөз (түтін) таныс болған.Ал қазіргі ғалымдар түтін мен газ сөзін бір мағынада қолданады.

Білімсіз,сауатсыз пайғамбарымыз(с.а.с) адамзат түсініп жетпеген  ақиқатты қайдан алды? Демек Пайғамбарымыз (с.а.с) бұны өздігінен емес Алланың аяты арқылы білгендігіне көз жеткіземіз.

 

                                                                      Әт-тақуа мешітінің найб имамы

 

                                                                       Болат Әбділкәрім

Жоғарыға