Отанды сүю – иманнан .
Бізді жоқтан бар қылған Жаратушы Иемізге сансыз мақтау мадақтаулар болғай. Ардақты да сүйікті Пайғамбарымыз Мұхаммед Мустафа (с.ғ.с.) Жаратушымыздың игілігі мен сәлемі болсын. Бүгінгі қозғалғалы отырған тақырыбымыз дін және Отан, Дін мен Отан – өте қасиетті ұғымдар. Ел игілігіне тілектес діндарлар үшін де Отаннан қымбат ештеңе жоқ. Ата-бабамыз ұзақ ғасырлар бойы армандап, бүгінгі ұрпақ әрең жеткен, талай саңлақтарымыз аңсап өткен тәуелсіздік, егемендік үшін жанын қиған азаттықты көздің қарашығындай сақтауымыз керек. Баршамыздың да жапырақ жаяр жеріміз – Отанымыз. Отансыз бақыт жоқ.Сол себепті әрбір адам туған жерін, Отанын қастерлеуі, құрметтеуі керек.
«Отанды сүю – иманнан» деген, кең тараған мағынасы терең, қанатты сөз бар. Өйткені иманды адам оз Отанын сыйлап, қастерлей алады. имансыз адам Отанның кадір-қасиетін білмейді, сезінбейді.Біздің Отанымыз тәуелсіз – Қазақстан. Қазақстан – біреу ақ екіншісі болуы мүмкін емес. Отанды ешкім сатып ала алмайды, сол себептенде Қазақстан біз үшін өте қымбат.Қазіргі ала сапыран уақытта , яғни фитнаға, алауыздыққа жол бермей, еліміздің амандығын, халқымыздың ынтымағы мен бірлігін тілейік.
Сол үшін білек сыбана еңбек етейік. Себебі, ынтымақты, иманды елді жау ала алмайды.Енді «Отан» деген сөздің ұғымына тоқтатылып көрейікші.Отан деген не? «Отан» деп отбасы мен ошақ қасын,ауасын жұтып, суын ішіп жүрген, байлығы мол кең байтақ жерді, қазыналы қарттар мен ақ жаулықты әжелеріміз. Тай құлындай тебісіп, бірге өскен құрбы-құрдастарымыз бар ауылды, қадірлі ата-ана, жарымызбен балаларымыз жүрген елді айтамыз. Міне, осы туған ел мен жерге ие болу амандығын, тілеу,-әрбір мұсылманның діни, әрі азаматтық борышы.
Отанды сүю дінімізде өте қадірлііс болып саналады.
Мәдинаға һижрат жасаған уақытында Адамзаттың ардақтысы, Алланың елшісі Мұхаммед (с.ғ.с.)Хазруа деген жерге жеткенде түйесінен түсіп, кіндік қаны тамған Меккеге жабырқаған көңілмен қимай ұзақ қарап тұрып;-Уаллаһи, сен жер бетіндегі ең көрікті, ең сүйікті мекенсің. Мен үшін сенен ар тық жер жоқ.Егер тағдыр тауқыметіне ұшырамағанымда, өзіңнен бір сәтке де алыстамас едім.-деген. Тағы бір жолы Ұхуд тауына қарап, «Біз Ұхудты жақсы көремміз, Ұхудта бізді жақсы көреді» дегені де тектен айтылмаса керек. Бұл Пайғамбарымыздың туған жерге деген, туған жеріңнің әрбір өзен, көл, тау тасына деген зор сүйспеншілігін байқатады.
Бір хадисте, «Екі көз ақыретте тозаққакүймейді,біріншісі күнәсіне, өкініш білдіріп, оңашада егіліп жылаған көз, екіншісі Отанды қорғап, шекара күзеткен көз делінген. Демек, «Өлсек шейіт, қалсақ ғазимыз» деген асқақ мұратпен «А, Құдайлап» тауға шапқан өжет жүректі батыр-Баһадүрлеріміз ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен дұшпанды жолатпай, кең байтақ жерді бабалар аманаты деп қорғай білген.
«Біз қазақ деген мал баққан елміз,
Ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз,
Елімізден құт – береке қашпасын деп,
Жеріміздің шетін баспасын деп,
Найзаға үкі таққан елміз,
Ешбір дұшпан басынбаған елміз,
Басымыздан сөз асырмаған елміз»,-деген Қазыбек Би. Бабамыздың отты сөзі жерімізге көз алартқан дұшпанды тәубесіне түсіре білген батырлар ұрпағы болмағандығымызға дәлел. Халық даналығы «Отан үшін отқа түс, күймейсің» дейді.Мәнін ойлап көрдің бе? Бұл Отанды қорғау жолында бәріне бара білуіештеңеден тайсалмауды білдіреді.Адамға алуан түрлі қасиет, дарын туған ортадан дариды.Сондай-ақ туған жер ата-бабамыздың сүйегі жатырған болғандықтан, ұрпаққа перзенттік парыз жүктейді. Исламда бес нәрсені; Отаныңды, дініңді, ұстазыңды, жаныңды, дүниеңді қызғыштай қорғау міндеттелген.Сондықтан да сыртқы дұшпандардың қолшоқпары болмай, дінімізді бекем ұстанып, еліміздің іргесі сөгілмеуіне баршамыздың жауапты екенімізді ұғынатын уақыт келді. Алла тағала елімізге, жерімізге, отбасымызға, дінімізге тыныштығын жақсылығын бергей. «АМИН»
Құспан молла мешіті
найб имамы Кыдыргалиев Амангелді
