Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Ислам дініндегі неке мәселесі

Ислам – жаратушы Алла тағаладан барша адамзатқа жіберілген хақ дін. Ол адам баласына келгеннен кейін, ондағы кез келген үкім оның игілігі үшін беріледі, әрі оның табиғатыескерілусіз қалмайды, сол үкімдердің бірі – неке. Үйлену – шариғатта бар дүние. Соңғы кездері басылым беттерінде «азаматтық неке» деген терминді жиы кездестіреміз. Бұл жеке тұлғалардың некесіз өмір сүруі деген мағынада қолданылып жүр. Дінімізде некесіз қатынас «зина» болып есептеледі. Зина ауыр күнәләрдің қатарына жатқызылады. Ислам діні жігіттің қыз баланы көруге, онымен танысуға қарсы емес, керісінше оған маңыз берген. Себебі, ислам тұрақты әрі бақытты отбасының қалыптасуына үндейді.Бірін–бірі танымай үйленген екі жастың айрандай ұйып өзәрә үйренісуі екі талай нәрсе. Ислам құқығында неке тақырыбы өте күрделі. Бұл тақырыпты толығымен бір мақалаға сыиғызу мүмкін емес. Мұхаммед Пайғамбар (с.ғ.с)  «Үйленуге мүмкіндігі бола тұрып, үйленбегендер, менің үмметімнен емес» деген хадис бар. Сондықтан, әрбір мұсылманға неке қиып, отбасын құру – мұсылмандық белгісі.

 Алланың Елшісі (с.ғ.с) «Ақиқатта адам үйленгенде үш түрлі ниетпен үйленеді. Біріншісі имандылығы, тәрбиелілігі, мінез–құлқы, парасаттылығы үшін. Екіншісі дүние – байлығы үшін. Үшіншісі сұлулығы үшін. Сіздер діндарлығына қарап үйленіңіздер, әйтпесе  өз – өздеріңізге зияндық істеген боласыздар»–деген. Некеге отыратын мұсылман ері мен әйелі өзінің құзырлықтарын, оның болашағын ойша нақтылаған жөн. Мұсылман ері алдында некелескен әйелін барлық қажеттілітермен  яғни баспанамен қамтамасыз ету, тамақтандыру, киіндіру міндеті бар. Ал өз кезегінде мұсылман әйеліне  келесі міндеттер  жүктеледі яғни   күйіне бағыну, күйеінің ата–анасы мен туыстарын құрметпен сыйлау, басқа бөтен ер адамдардан өзін қорғау, күйеуі ұнататын киім кию және иіс суды қолдану. Күйеінің жиған–тергеніне ие болу.

Бұл жалған өмірде салиқалы әйел немесе жар табу үшін түңгі клубтар мен ойын–сауық ордаларынан іздемей, мешіттермен имандылық орындардан, текті де тәрбиелі шаңырақтардан сүйікті жарын тауып, дүние қазанында  сол асыл қазынамен бірге тату өмір кешіп, бір жастықта қартаюды Жаратқан Алла баршамызға нәсіп етсін!

 

А.А.Урумбаев.,

«Иманғали орталық» мешітінің азаншысы

 

 

Жоғарыға