Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Дәретханада тазалану үшін қағаз қолдануға болады ма?

Кейбір адамдар дәретханаға барғанда тазалану үшін қағазды қолдануға болмайды деп жатады. Бұл айтылған сөзде шындықтың үлесі бар. Қағаздың тапшы уақытында адамдар үшін қасиетті болған дүниелердің бәрі қағаздарға жазылған болатын.

Сондықтан қағазға біршама қасиеттілік берілген болатын. Өйткені сол уақытта қағаздарға негізінен Құранның аяттары, хадистер және басқа да пайдалы дүниелер жазылған еді. Сол себепті де адамдар қағазға құрметпен қарап, бір жапырақ қағаз болса да жерге түсірмеуге тырысатын. 

Алайда қазіргі заманда жағдай өзгерді. Бүгінде қағаздан көп нәрсе жоқ. Әрі қағаздар да әртүрлі мақсатта қолданылады. Қажетті әрі пайдалы ақпаратты таратумен қатар кейде азғындық пен көргенсіздікті тарататын да құралға айналды. 

Ендеше, әдепсіз бейнелері бар қағаз беттері қадірлі болып саналмайды. 

Қағазға не жазылғандығына байланысты ғана құндылыққа ие бола алады. Сөзсіз, Құран аяттары жазылған қағаздар біз үшін қасиетті болып табылады.

Ал дәретхана қажеттіліктеріне арналып арнайы шығарылатын қағаздарға келер болсақ, оны пайдалануда тұрған еш әбестік жоқ. 

Ибн Абидиннің келесі үкімінде былай айтылған:

«Жазуға жарамайтын қағазбен истинжа (әжетханадан кейінгі тазалану) жасау еш айыпты іс емес».
Жоғарыға