Құдықтан құтқарар ма ең?

Сахабалардан Әбу Дәрда (р.а.) бірде күнә істеген адамға жолықты. Топ адам әлгі кісіні жерден алып, жерге салып ұрсып жатты. Бұны естігенде Әбу Дәрда (р.а.) оларға: «Қойыңыздар, бұларыңыз не? Бұл кісінің құдыққа түсіп кеткенін көрсеңіздер құтқарар ма едіңіздер?» – деді.
Олар: «Иә», – дегенде, «Онда бауырларыңызға ауыр сөз айтпаңыздар. Одан да өздеріңізді саулық берген Аллаға мақтау айтыңыздар», – деді.
Олар: «Сен сонда бұған ашуланбайсың ба?» – деп сұрағанда, «Мен бұл кісінің жеке басына емес, істеген қылығына ашуланам. Осы қылығын қойса болды, ол менің бұрынғыша бауырым», – деп жауап қатты.
Құдайберді БАҒАШАР