Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Қазақстандағы мешіт, медреселер – имандылық ордасы

«Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан қажы Берденұлы облыстық «Қазақстан-Атырау» телеарнасына сұхбат беріп, «Қазақстандағы мешіт, медреселер – имандылық ордасы» тақырыбында ой өрбітті. 

         Сұхбат барысында бас имам еліміздегі медреселердің алғаш бой көтеру тарихына тоқтала келе, діни білім ошақтарының қоғам өміріндегі маңызы туралы пікірлерімен бөлісті.

         «Мешіт – Алланың үйі.  Аллаға құлшылық жасап, жамағат бас қосатын қасиетті орын. Сондықтан оның өз әдебі бар. Яғни, мешітте Алла разылығын алмайтын теріс мінез-құлықтан аулақ болған абзал. Медресе – дін шариғаты бойынша білім беріп, халық сауаттылығын арттыратын білім ошағы. Қазіргі қоғамда имансыздықтың етек жаюы – осы, діни сауатсыздық себебінен. Олай болса, медресе туралы кеңестік құлдық сана негізінде қалыптасқан жағымсыз пікірлерден арылып, одан білім алуға ұмтылудың екі дүниелік пайдасы зор», – деді Б.Берденұлы өз сөзінде.   

 

«Иманғали» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

 

Толығырақ ...

Жетім ақысы – Құдай ақысы

 

         «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан қажы Берденұлы жетімдердің Ислам дініндегі орны туралы облыстық «Қазақстан – Атырау» телеарнасына сұхбат берді.

         «Қазақ халқы – жетімін жылатып, жесірін қаңғыртпаған халық. «Жерде бір жетім қуанса, көкте мың періште қуанады», – деген сөз – осының айғағы. Бұл жетім ақысының Ислам дінімен байланысты екендігін көрсетеді. Яғни, жетім ақысына адалдық – пайғамбарымыздың (с.ғ.с) сүннеті. Алла тағаланың разылығына бөлейтін игі істерден. Бұл ретте жасандық түсік жасатудың адам өлтірумен тең екенін білгеніміз жөн. Және туылған шарананы жетімдер үйіне, сондай-ақ, кез келген жерге тастап кету – үлкен күнә», – деді ол сөз сөзінде.   

 

«Иманғали» орталық

 

мешітінің баспасөз қызметі    

 

 

 

Толығырақ ...

Дін саласының білгір маманы Шейх Мухаммед Хусейн Алсабеков «Иманғали» мешітінде дәріс оқыды

Алла үйін арнайы зиярат етумен келген ұстаз, әуелі мешіт имамдарымен кездесіп, өз кеңесін беріп, ҚМДБ тарапынан тапсырылған жұмыстарымен танысып шықты. Бас имам Б.Берденұлы мешіт тынысымен таныстырып, аймақтағы діни ахуалдың мән жайын баяндады. Сонымен қатар Шейх Мухаммед Хусейн Алсабековке мешіт қызметкерлерінің бөлмелері мен мешіт кітапханасын таныстырды. Арнайы мешітімізге табан тіреген Шейх Мухаммед Хусейн жамағатты діни кітап қорымен қамтамасыз етуді жолға қойған бас имамға ризашылық сезімін білдірді. Және дәрісханаларды тамашалау үстінде халыққа қызмет етіп жүрген молдаларға арналған курсқа тұспа-тұс келген Шейх Мухаммед Хусейн Алсабеков сабаққа қатысып, дәріс оқыды.

Шейх Мухаммед Хусейн Алсабеков дәріс барысында «Алғашқы аяты «Оқы!» деп, оқуға бұйыратын Ислам діні білімге негізделген ілім діні десек, артық айтпағанымыз. Олай дейтініміз – қасиетті Құраннан бастау алатын пайғамбар (с.ғ.с) сүннеті де үмметін тал бесіктен жер бесікке дейін ілім іздеуге шақырады. «Білмесеңдер, білім иелерінен сұраңдар», - деп көңіл қалауына еріп, өз бетінше амал етуден сақтандырады. Оның мәнісі – бір адамның қателігінен күллі қоғамның зардап шегіп, тура жолдан адасуына жол бермеу. Міне, сол сияқты сіздер де торқалы той, топырақты өлімге қатысып, халыққа қызмет етіп жүрген ел сенімінің айнасы іспетті дін саласының өкілісіздер. Сіздер көпке үлгісіздер. Діни сауаты жоқ халық сіздерге қарап алақан жайып, сіздерді үлгі тұтады. Сондықтан да ілім жетілдіріп, білмегенді білуге ұмтылудың айыбы жоқ. Білім алған сайын адамның иманы күшейіп, қоғамға сын көзбен қарайды», -  дей келе, оқуға құштарлық танытып, мешіттен білім іздеген молда қарияларымызға өз атынан алғыс айтты. Сөз соңында жеті жасар баладан жетпіс жастағы қарияға дейін есігін айқара ашып, ізгілікке үндеуде оқу-ағарту ісін ойдағыдай жүргізіп отырған мешіт ұжымына оң бағасын берді. 

 

«Иманғали» орталық

 

мешітінің баспасөз қызметі

Толығырақ ...
Осы RSS каналға жазылу