Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Таблиғ жамағатына түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Еліміздегі ең ірі діни ағымның бірі саналатын «Таблиғ» ұйымына уағыз-насихат жүргізу, пікірлесу мақсатында «Иманғали» орталық мешітінде «Діни сауатсыздық –  экстремизм бастауы» атты кездесу өтті.

 

«Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» Қоғамдық қорымен бірлесе ұйымдастырылған басқосуды ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің Бас имамы Батыржан Мансұров жүргізіп, Ислам дінінің ұлтты тұтастырушылық құндылықтарына тоқталып өтті. Бұл ретте «байырғы қазақ елі дәстүрімен біте қайнасқан асыл дінімізді насихаттай отырып, экстремистік ағымдармен  күресу, оның алдын-алу – бүгінгі қоғам тәрбиесіндегі ең өзекті мәселелердің бірі. Ел бірлігі қашан да ұрпақ тәрбиесімен тікелей байланысты», – деді ол өз сөзінде.

 

Сондай-ақ, шарада облыстық Дін істері басқармасының бөлім басшысы Қаһарман Мұсаев, қалалық прокуратураның бөлім басшысы Еркебұлан Ермеков, «Шапағат» Деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» Қоғамдық қоры директоры, теолог Қанат Жұмағұл, сондай-ақ, директор орынбасары Айбек Аташев сөз алып, жат ағым идеологиясымен күресу елдігіміздің ертеңі іспетті берекеміз бен бірлікті сақтау мақсатындағы амалдардың бірі екенін айтты. Қасиетті Құран-Кәрім және пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) хадистерін негізге алып, елжандылыққа үндейтін пікірлері мен өз тұжырымдарын ортаға салды.

 

 

 

 

 

«Иманғали» орталық мешітінің

баспасөз қызметі 

Толығырақ ...

Құранға – құрмет, әр мұсылманға міндет

Алла Тағала барша құлдарына мейірім етіп, ақырғы пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа (с.ғ.с.)-ға Жебірейіл (ғ.с.) періште арқылы қасиетті Құран-Кәрімді нәсіп етті.Алла елшісі (с.ғ.с.) дүние салған соң алғашқы халифа Әбубәкір (р.а.) хазіреттің тұсында Омар (р.а.) сахабаның табан- ды түрде дәлелдеуімен қазіргідей «мұсхаф»,-яғни кітап халіне келді.

   Бұрынғы өткен ата-бабаларымыз, қазірет-халпе, қожа-молда, ахун- дарымыз осы қасиетті Құранды насихаттап, елге дін таратты.Қасиетті Құранды көздің қарашығындай сақтап, ақ матаға орап, жоғары жерге қойып, кейінгі ұрпақтарына аманаттап кетті.Жалпы, әр қазақтың үйін- де ата-бабасынан қалған ескі Құрандардың бары ақихат.

  Атырау қаласы,Алғабас ауылы,«Мәулімберген» мешітіне «Хадия»,- яғни сыйға бірнеше дана Құран-Кәрім тартылды.Құранды оқудың өз әдебі бар.Оқып болған соң, жоғары жерге қою керек.Міне, сол ізгілік және әдеп мақсатымен Құран-Кәрімге арнайы сөрелер жасалып, тек- шеленіп қойылды.Біз,шынайы мұсылман болсақ,Алла Тағаланы,оның жіберген Пайғамбарларын, періштелерін және қасиетті кітаптарын да ерекше құрметтеуіміз керек. Иншалла, сол кезде ғана қияметте Алла Тағала баршамызды «өз қанатының астына» алар деп үміттенеміз.

«Мәулімберген» мешітінің

 

баспасөз қызметі.

Толығырақ ...

Тал бесік тәрбиесі – елдігіміздің ертеңі

Бұрындары бала күнімізде әке-шешеміз бен ата-әжеміздің де тәрбиесін көріп өстік. Ұлағатты сөзін естіп, ақылын тыңдадық. Ата-аналарымыз жасы үлкеннің алдын кесіп өтпе, қарсы келсе танымасаң да, «Ассалаумағалейкум» деп сәлем бер, қолыңнан келсе қолғабыс беріп көмектес, көңілін қайтарма, үлкен сөйлесе үнсіз тыңда, сөзін бөлме деп үйретуші еді.

Ел болдық, еркіндік алдық, өшкеніміз жанып, өлгеніміз  тірілді, дініміз, тілімізге қайта қауыштық деп қуанысып жүрміз. Десек те, біз байырғы ата-баба дәстүрінен алыстап жатқан бара жатқан сияқтымыз. Олай демегенде ше? Заман оңалып мешіттеріміз көбейіп, кейінгі жас толқын жаппай дінге бет бұрғанымен, сан соқтырып отырған жағдайлар да аз емес. Іштей қынжылтып, жанға дерт, уайым боп түскен мәселенің бірі – жастарымыздың жат ағымның жетегіне еріп, туған отанына дұшпандық ойлайтын дәрежеге жетуі. Тіпті алысқа бармай-ақ, бес  уақыт намазын оқып жүрген жас жамағаттың көзінен нұр, сөзінен сыр, бойынан ізгілік ізін көре алмай, іштей қынжылатынымыз – көпке аян.

Бұрындары үлкен кісі келсе (үйде болсын, басқа жерде болсын) құрақ ұшып атып тұрып, сәлемдесіп, төрден орын ұсынып, бәйек болатын болсақ, қазір осы көрініс көзден бұл-бұл ұшып барады. Намазға келетін жамамғатты тым құрыса мешіттің әдебін сақтай алмайтын тәрбиесіздігін көріп, жаныңыз жабырқайды.  Сақалы беліне түскен қариялар ақ селеу бастарымен қасына келгенде, сәлемдеспек түгіл орнынан қозғалмайтын, орын бермек тұрмақ сол қариялардың алдын орап алғашқы сапқа жүгіріп, қала берсін өз ұстанымын оңды-солды тықпалап, дауласып жатқан жастарды көргенде көңіліңе кірбең ұялайды.

«Батаменен ер көгерер, жаңбырменен жер көгерер», - демекші, абырой сақтап, намыс қуған елдің баласы едік. Қазір қариядан қадір қашып, жастан береке кетіп барады. Қай-қайсының да затына лайық емес екенін елдігіміздің ертеңін жақсылық күтіп тұрмағанын меңзейтіндей. Әркімге жалтақтап, елдік сипатымыздан айырылып бара жатқандаймыз.

Шашын жайып, ашық-шашық жүрген қыз тәрбиесіндегі кемшіліктің орнын имансыз ұрпақпен толтырып, елге тұтқа болар балаға зар болмасақ қайтсін?!Ел боламыз десек бесігімізді түзейтін уақыт жеткен сияқты. Бір сәт  ойланайықшы, ағайын!

 

 

Ізбасар  Қабдрахман,

«Мәулімберген» мешітінің

наиб имамы           

Толығырақ ...