БАС МҮФТИ ҰЛТТЫҚ АРНАҒА АРНАЙЫ СҰХБАТ БЕРДІ
- Бөлім: Жаңалықтар
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы Қазақстан ұлттық арнасына Құрбан айт мерекесіне орай арнайы сұхбат берді.
Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы Қазақстан ұлттық арнасына Құрбан айт мерекесіне орай арнайы сұхбат берді.
Құрбан айт келеді жақындап...
Исламның ұлы мерекелерінің бірі саналатын һәм адам баласын мейірімділікке бөлеп, бауырмалдыққа шақыратын құрбан айт мейрамына да міне санаулы күндер қалды. Дәлірек айтқанда, қыркүйек айының 12-жұлдызы – құрбан айт мейрамы. Иә, «құрбан» сөзінің мәні тым терең, мазмұны өте жоғары. Сонау ықылым заманнан бері құрбан айт өзінің қадір-қасиетін ешбір жоғалтпастан, әрбір дәуірде адамзат мәдениетіне өзіндік ізін қалдыру үстінде. Олай деуімізге негіз де жоқ емес. Өйткені, құрбандықтың тамыры тым тереңнен бой алады. Сәл кейінірек тоқталып көрелік...
Берекелі күндерден құр қалма!
Мұсылман күнтізбесіндегі он екі айдың төртеуі қасиетті айлар болып табылады. Бұл жөнінде Алла Тағала «Тәубе» сүресінің 36-аятында былай дейді: «Тегінде аспан мен жер жаратылған күннен бастап Алла айдың санын он екі етіп белгілеген. Оның төртеуі (Зулқағда, Зүлхиджа, Мухаррам, Режеп) соғысуға тыйым салынған айлар. Дінде бұл дұрыс. Бұл айларда сендер өздеріңе зиян жасамаңдар». Сонымен қатар, Жаратқан Раббымыз келесі аятта былай деген: «Ағарған таңға, Құрбан айының алғашқы он кешіне серт».(«Фәжр» сүресі, 1,2-аяттар)
Облыстық «Иманғали» мешіті қасиетті Құрбан айт мерекесін халыққа кеңінен насихаттау мақсатында тағы да бір игі шараны қолға алды. Оның куәсі – қала көшелерін бойлай ілініп, Атырау жұртшылығының назарын аударып үлгерген Құрбан айт мейрамына арналған баннер-жазбалар.
«Жақсы сөз – жарым ырыс» демекші, Құрбан мерекесінің жақын қалғанын қуана хабарлап, пайғамбар (с.ғ.с) сүннетіне қол бұлғай шақырып тұрған даналық сөздердің кім-кімнің де жүрегіне жылылық ұялатары сөзсіз. Оқығанға ой салып, ұлық мерекемізді ұлықтайтын жандардың қатары күн санап көбейіп жатса, мешіт бастамасымен жүзеге асып жатқан үгіт-насихат жұмыстарының өз мақсатына жеткені.
Шалған құрбандықтарыңыз қабыл, Құрбан айт мерекесі құтты болсын, ағайын!!!
Облыстық «Иманғали»
мешітінің баспасөз қызме
Күллі мұсылман қауымының ұлық мерекесі – Құрбан айт мейрамы күн санап жақындап келеді. Құрбан айт мерекесін аса жоғары деңгейде атап өту әрбір мешіт ұжымы үшін үлкен сын екені белгілі. Бұл мәселе бүгін ҚМДБ-ның Атырау өңірі бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан қажы Берденұлының бастамасымен өткен қала имамдарының мереке алды дайындық жиынында пысықталды.