Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

«Мәулімберген» мешітінде теолог қызмет етеді

Алла Тағаланың асыл діні – Исламның атын жамылған  адасқан ағымдар ел-жұрттың, жамағаттың берекесін алуда. Әрине, халқымыз «ақ пен қараны»  айырып, көздері ашылуда. Осы бағытта Қазақ елі мұсылмандарының қарашаңырағы Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасына қарасты имам-молдалардың атқарып жатқан жұмыстары шаш-етектен. Соның айқын айғағы – ҚМДБ-ның жақында жариялаған жылдық қорытынды есебі.

Дін саласында, соның ішінде Атырау өңірі бойынша күрмеулі мәселердің түйінін тарқатуда Атырау облыстық Дін істері басқармасы «Ақпараттық талдау орталығы»  КММ-не қарасты теолог мамандардың да еңбектері ұшан-теңіз.

Аталмыш орталықтан Атырау қаласы, Алғабас ауылы, «Мәулімберген» мешітіне арнайы бекітілген теолог Аманкелді Қалдыбай Уразов есімді азаматты 13-ші қаңтар, қасиетті жұма күні мешіттің бас имамы Мақсот Бағытжанов жамағатқа таныстырып, «Саяси-кәламдық және фиқһтық мәзһабтар» (кітап авторы – Ақмарал Сатыбалдиева)  атты тұщымды  туындыны сыйға тартты. Болашақта баянды істер тіледі. Алла Тағала жүзімізге шуақ, дінімізге қуат берсін! Әумин! 

 

ҚМДБ-ның Атырау  облысы бойынша

өкілдігінің баспасөз қызметі,

 

Алғабас ауылдық «Мәулімберген» мешіті 

Толығырақ ...

«Зинеден ата» мешітінің жамағаты теологпен кездесті

13-ші қаңтар күні «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы қоғамдық қорының теолог маманы Батырбек Тұрғанбайұлы Исатай аудандық «Зинеден Құрасұлы» мешітініне келіп,  жұма намазын өткізді.

Жұма намазының алдында теолог Б.Тұрғанбайұлы уағыз айтып, қазіргі таңда мәзһаб хикметін дұрыс түсінбей жүрген кей жастардың қате пікірлері туралы сын айтып, мәзһабтар тарихынан сыр шертті.

Жамағат көкейінде жүрген сауалдарға жауап берген Б.Тұрғанбайұлына бас имам Құрметқали Жұмағұлұлы алғыс айтып, ризашылық сезімін білдірді.

 

ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша

 

баспасөз қызметі, «Зинеден ата» мешіті

Толығырақ ...

Пайғамбарымызды (с.ғ.с.) ұлықтау – Алла құзырындағы сүйікті іс

Қалалық «Қажымұқан Мұңайтпасов» мешітінде жамағатқа арналған ақ дастархан жайылып, басқосу өтті. Мешіт жамағаты бас қосқан бұл шараны мешіттің бас имамы Нартай Сүндетов ашып, пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) «Үмметімен қоштасу хұтбасын» оқып берді.

Асыл дін тағылымын түсініп, ділінің қадірін ұғынатын жамағат үшін аталған отырыстың ғибраты мол үлгілі отырыс болғаны сөзсіз. Пайғамбар (с.ғ.с.) сүннеті – бауырмалдықты, татулықты үндейтін сара жол. Сондықтан да оны көп болып еске алу – Алла Тағала құзырындағы сүйікті іс. Білімімізді арттырып, иманымызды нұрландырар кемел тәрбие жүйесі. Қ.Мұңайтпасов атындағы қалалық мешіт басшылығы пайғамбар (с.ғ.с.) өмір тарихын халық жадында жаңғыртып, насихаттау мақсатында осы игі істі қолға алып отыр.

Айта кету керек, әр жұма сайын құптан намазынан кейін ақ дастархан жайылып, келелі жиын өткізу дәстүрлі түрде жалғасын таппақ.  

 

ҚМДБ Атырау өкілдігінің баспасөз қызметі,

 

қалалық «Қ.Мұңайтпасов» мешіті

Толығырақ ...

Мәйітті кебіндеу рәсіміне арналған шеберлік дәрісі өтті (фото)

«Иманғали» орталық мешітінің жанындағы сауат ашу курсында Құран үйретумен (арабша сауат ашу) қатар, уағыз-насихат жұмыстары да қатар жүргізілуде. Алла үйінен ілім іздеп келген әйелдер жамағатын бірлікке шақырып, діни сауаттандыруда оның қаншалықты маңызды екені айтпаса да түсінікті. Өйткені, Құран үкімі бойынша Құранды үйренумен қоса, оны өзгеге үйрету ең хайырлы іс болса, асыл пайғамбар (с.ғ.с.) сүннеті де осыны негізге алып, ілім алуды ер мен әйел мойнына бекер жүктемеген. Себебі, Ислам діні – ілім діні. Бұл – бір. Екіншіден, ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрпымыз ата дінімізбен біте қайнасып жатқандықтан, адам баласы туған сәтінен бастап-ақ өлім дәмін татқанға дейінгі өмірінде атқарылатын шариғи рәсімдерді (ат қойып, азан шақыру, арулап, жаназа шығару т.б.) сүннетке сай сауаттылықпен атқарудың қажеттілігі зор.

Толығырақ ...

«Мәулімберген» мешітінде Мәуліт дастарханы жайылды

Алла елшісі Мұхаммед Мұстафа (с.ғ.с)-ның жарық дүниеге келген айы – Мәуліт мерекесінің құрметіне күллі мұсылман үмметі Мәуліт мерекесін атап өтуде. Мәуліттің дініміз үшін, Ислам шариғаты үшін тигізер пайдасы орасан зор. Осы күнге дейін Мәулітке қырын қарап келген Сауд Арабиясының билік орындары да биылдан бастап Мәуліт мерекесін тойлауға ресми түрде рұқсат етті.

13-қаңтар күні Алғабас ауылындағы «Мәулімберген» мешітінде қасиетті  жұма намазынан кейін мешіт жамағатына Мәуліт дастарханы жайылды. Басқосуды имам Мақсот Бағытжанов ашып, Нұрлан Сағынаев, Қайрош қажы Қуанұлы, Жұбаныш Ахметов сынды ел ағалары сөз сөйледі.

Сондай-ақ, Атырау облыстық Дін істері басқармасының маманы Қаһарман Мұсаев пен Ақпараттық-талдау орталығының маманы, теолог Аманкелді Қалдыбайұлы Мәуліт айының қадыр-қасиеті туралы келелі пікірлерімен бөлісті.

«Кеңөзек» ауылдық округінің әкімі  Сәден Лұқпанов ағамыз да дастарханға арнайы шақылылып, жамағатқа ақ тілегін арнады. Дастархан соңында ақсақал қариялар ақ батасын беріп, ризашылық сезімдерін айтты.

 

ҚМДБ Атырау өкілдігінің

баспасөз қызметі,

«Мәулімберген» мешіті

Толығырақ ...

«Қосшағыл» мешітінде Мәуліт дұғасы оқылды

Жылыой ауданына қарасты «Қосшағыл» ауылдық мешітінде қасиетті Мәуліт айының құрметіне орай пайғамбарымызға (с.ғ.с.) салауат айтылып, Мәуліт дұғасы оқылды.

Шараға арнайы қатысқан Жылыой аудандық мешітінің бас имамы Арман Исаев пен наиб имамы Серік Ясин пайғамбардың (с.ғ.с.) өнегелі өмір тарихына тоқталып, жамағатқа уағыз айтты.

«Қапан қажы» мешітінің имамы Жамбыл Ыбыраш пайғамбарымызға (с.ғ.с.) Мәуліт салауатын айтты. Наиб имам Теңел қажы Айдарбекұлы Мәуліт дұғасын оқып, жиылған жамағат Мәуліт дастарханынан дәм ауыз тиді.


ҚМДБ-ы Атырау өкілдігінің

баспасөз қызметі,

 

Жылыой аудандық Қосшағыл мешіті

 

Толығырақ ...
Осы RSS каналға жазылу